Жоғары жылдамдықпен келген көлік қаққан: Атырау облысында қойлардың өліміне қойшы кінәлі деп танылды

0
550

Ұсақ малдың иесіне келтірілген материалдық шығын 1 миллион 200 мың теңге.


Жоғары жылдамдықпен келген көлік қаққан: Атырау облысында қойлардың өліміне қойшы кінәлі деп танылды

ERNUR.KZ. Атырау облысында жеңіл көлік 24 қойды таптап өтті. Бірақ апат үшін ұсақ малды тас жолдың үстімен айдап өткен қойшы жауапқа тартылған, деп жазады Stan.kz.

Оқиға таңертең Атырау–Ақтөбе тас жолының 400 шақырымында болды. Жантерек ауылының малын өріске айдап шыққан малшы тас жолды кесіп өтпекші болған. Осы сәтте жоғары жылдамдықпен келген көлік тежегішін басып үлгермей, қойларды қаққан. Жүргізушінің өзі дін аман. Тек көлігі бүлініпті.

Болған оқиғаға қойшы кінәлі деп танылды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Ал ұсақ малдың иесіне келтірілген материалдық шығын 1 миллион 200 мың теңге.