Жол талғамайтын көлікпен соқтығысқан трактор екіге бөлініп кетті

0
117

Тракторшы далалық жолдан шығып бара жатып, көлік қозғалысына жол бермей, жеңіл көлікпен соқтығысқан.


Жол талғамайтын көлікпен соқтығысқан трактор екіге бөлініп кетті

ERNUR.KZ. Апат Ақмола облысындағы "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1044-шақырымында болған. Mitsubishi Pajero жол талғамайтын көлігімен соқтығысу нәтижесінде MTZ-80 тракторы екіге бөлінді, деп жазады baq.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, тракторшы далалық жолдан шығып бара жатып, көлік қозғалысына жол бермей, жеңіл көлікпен соқтығысқан. Соққының күшті болғаны сонша, трактордың корпусы екі бөлікке бөлініп кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен Mitsubishi-дің екі жолаушысы, сондай-ақ тракторшының өзі жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

Трактор жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Апаттың мән-жайы нақтыланады.