Жолаушы әйел пойызда босанып қалды

0
2 478

Босанған әйел ауруханаға жатудан бас тартқан.


Жолаушы әйел пойызда босанып қалды

ERNUR.KZ. «Сарыағаш – Нұр-Сұлтан» бағытындағы №85 жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, деп жазады aikyn.kz.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясының мәліметінше, 14 ақпанда жолаушысы Анастасия Гранкина «Тараз – Павлодар» бағыты бойынша жолға шыққан.
Жол бойында Киік-Босаға учаскесінде жолаушы №11 вагонның жолсерігі Ұлтуар Ибрагимовадан көмек сұрап, жүктіліктің тоғызыншы айында екенін айтқан.

«Пойыз бригадасының қызметкерлері босанған әйелге алғашқы көмек көрсетті. Жақын стансаға жедел жәрдем шақырды. Пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен штаб вагонының кезекші жолсерігі Зина Күнісбаева жолаушының босануына көмек көрсетті. Сағат 14.53-те Ақадыр стансасына таяған кезде жолаушы әйел босанды. Сәбидің есімін Әмина деп қойды» делінген хабарламада.

Дәрігерлер стансада анасы мен баласының денсаулығын тексерді.
Босанған әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Ары қарай жол жүріп кетті.