​ЖРВИ-дің өршуі: Қазақстанда 900 мектеп қашықтан оқытуға көшті

0
192

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қостанайда барлық мектеп қашықтан оқитын болды.


​ЖРВИ-дің өршуі: Қазақстанда 900 мектеп қашықтан оқытуға көшті

Фото: Freepik

ERNUR.KZ. ЖРВИ мен тұмау жағдайларының көбеюіне қатысты ел бойынша 250 мыңға жуық оқушы қашықтан оқып жатыр, деп жазады inform.kz.

— Қашықтан оқытуға елдің 13 өңірінде 11 813 сынып көшірілді. Жалпы, 903 мектепте қашықтан білім алуға 250 мыңға жуық бала ауысты. Бұл ретте, кешеден бері біршама динамика бар, — деді Т. Сұлтанғазиев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, ЖРВИ мен тұмаудың асқынып кету қаупі бар. Тұмау салдары пневмонияға айналуы мүмкін, әсіресе 5 жасқа дейінгі кішкентай балаларға қауіпті.
— Сондықтан ата-аналар жағдайды үнемі қадағалап, қажет болған жағдайда медициналық мамандарды шақыруы керек, — деді вице-министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қостанайда барлық мектеп қашықтан оқитын болды.