Жұмбақтасқа шығуға тыйым салынуы мүмкін

0
481

Тастарға жазу жазып, таңба қалдыруға тыйым салынған.


Жұмбақтасқа шығуға тыйым салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев туристердің Жұмбақтасқа шығуына тыйым салуды ұсынды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Министр Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында бұл ұсынысты Бурабай ұлттық паркінің басшылығына ұсынатынын айтты.

«Қазір тасқа дейін жүзіп барып, үстіне шығуға тыйым жоқ. Бірақ ол тастарға жазу жазып, таңба қалдыруға тыйым салынған. Соның өзінде туристердің көбейгеніне байланысты бұл орынды ұсыныс деп ойлаймын. Оған шығуға тыйым салған дұрыс шығар. Мен Бурабай ұлттық паркіндегілермен сөйлесемін. Бұл парк Президент іс басқармасына қарайды», - деді Ерлан Нысанбаев.