Жұмыс берушілер тәуекелдерді жоюға міндеттеледі: ҚР-да еңбек жағдайларын бағалау күшейтілуде

0
275

Жұмыс орындарындағы кәсіби тәуекелдерді бағалау ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған.


Жұмыс берушілер тәуекелдерді жоюға міндеттеледі: ҚР-да еңбек жағдайларын бағалау күшейтілуде

ERNUR.KZ. Негізгі екпін салдармен күресуге емес, қызметкерлердің денсаулығына зиян келтірмейтін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау арқылы өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға қойылады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов мәлімдеді.

Кәсіби тәуекелдерді бағалау жұмыс орындарындағы қауіпті, зиянды еңбек жағдайларын анықтауға, жұмыс берушіге превентивті шаралар қабылдау және заң бұзушылықтарды жою туралы уақытылы сигнал беруге бағытталған.

«Біз жұмыстың бұл бағытына өте үлкен мән беріп, баса назар аударамыз. Бірінші тоқсанда біз әрбір жұмыс орнында кәсіби тәуекелдерге 160 осындай бағалау жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша нақты әрі айқын қорытындылар бердік», - деді спикер.

Бұдан бөлек, Комитетте белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Орталық аппарат пен барлық 20 өңірлік департаменттің жеке интернет-ресурстары бар, онда ағымдағы қызмет туралы ақпарат тұрақты түрде жарияланады. Сайттарда түсіндіру материалдары, кездесулердің қорытындылары, сондай-ақ қолданыстағы заңнама және ондағы соңғы өзгерістер бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер орналастырылады. Осылайша, атқарылып жатқан жұмыс туралы халықты ақпараттандыру және ашықтық қамтамасыз етіледі.