Сондай-ақ елге 4108 адам көшіп келген, бұл өткен жылдың үш айымен салыстырғанда екі есе көп.
ERNUR.KZ. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстаннан 5281 адам кетті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға аз, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ұлттық статистика бюросының мәліметтерінше, елге 4108 адам көшіп келген, бұл өткен жылдың үш айымен салыстырғанда екі есе көп.
Елдер бойынша
2022 жылдың I тоқсанында мигранттардың ең көп саны Ресейге көшті – 4106. Германияға – 617, Польшаға – 125, АҚШ-қа – 89, Беларуське – 57, Өзбекстанға – 43, Қырғызстанға – 35, Канадаға – 34, Түркияға – 22, Израильге – 19.
Осы кезеңде Қазақстанға Өзбекстаннан – 2085, Ресейден – 810, Түркіменстаннан – 218, Қырғызстаннан – 164, Қытайдан – 125, Әзірбайжаннан – 109, Тәжікстаннан – 92, Ауғанстаннан – 76, Германиядан – 60, Моңғолиядан – 56, Түркиядан – 54, Ираннан – 36, Украинадан – 33.
Білім деңгейі бойынша
Қазақстаннан көшіп кеткендердің арасында 1565 адамның немесе 15 жастан асқандардың жалпы санының 38,2%-ның жоғары білімі бар. Кәсіптік орта – 1350 (32,9%), жалпы орта – 830 (20,2%), негізгі орта – 356 (8,7%).
Ал келгендерді iшiнде 558 адамның (13,9%) жоғары білімі, 1543 адамның (38,4%) орта кәсіптік білімі, 1218 адамның (30,3%) жалпы орта білімі және 699 адамның (17,4%) негізгі орта білімі бар.
Мамандықтар бойынша
2022 жылдың үш айында Қазақстаннан техникалық мамандығы бар 1 мың адам кетті, 457 – экономикалық, 258 – педагогикалық, 156 – медициналық, 119 –заңгерлік, 67 – сәулет-құрылыс, 41 – ауыл шаруашылық және 817 – басқа.
Бұл ретте ел 340 техникалық маманмен, 137 экономистпен, 118 педагогпен, 77 медицина қызметкерлерімен, 36 ауыл шаруашылығы саласындағы және сәулет-құрылыс саласындағы мамандармен, сондай-ақ, 34 заңгермен толықты. 1323 адам басқа мамандықтарға ие.
Өңірлер бойынша
Қазақстаннан кеткен мигранттар Қарағанды облысында – 681 адам, Қостанай облысында – 645, Павлодар облысында – 643, ШҚО-да – 631, Алматыда – 537, СҚО- да – 421, Ақмола облысында – 291, Ақтөбе облысында – 277, Нұр-Сұлтанда – 250 және т. б. қалаларда қоныс тапты.
Сонымен қатар Қазақстанның жаңа тұрғындары Маңғыстау облысында – 1317, Алматыда – 595, Алматы облысында – 401, Шымкентте – 351, Нұр-Сұлтанда – 311, Қостанай облысында – 178, Түркістан облысында – 161 және т. б. қоныстанды.
Ұлты бойынша
Қаңтар-наурызда айларында Қазақстаннан көшіп кеткендердің ішінде 3430 орыс, 551 неміс, 402 украин, 320 қазақ, 116 поляк, 110 татар, 56 белорус, 37 өзбек, 29 кәріс, 24 әзірбайжан, 22 дұнған және басқалары бар.
Бұл ретте Қазақстан 2171 қазақ, 599 орыс, 299 қарақалпақ, 190 өзбек, 145 әзірбайжан, 92 тәжік, 76 украин, 75 корей, 67 қырғыз, 52 неміс, 50 татар, 48 түрік, 47 ауған ұлт өкілдерімен толықты.