Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
ERNUR.KZ. Астанада Digital Bridge халықаралық форумы жұмысын жалғастырып жатыр. Форумның пленарлық отырысына премьер-министр Олжас Бектенов те қатысты, деп жазады sputnik.kz.
Бектенов цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу ел дамуының басым бағыты екенін атап өтті.

Премьер Казахстана Олжас Бектенов выступил на форуме Digital Bridge в Астане
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Айтуынша, венчурлық инвестициялар қоры түріндегі акселератордың арқасында стартаптар ауқымды қаржыландыруға қол жеткізіп, жаһандық нарыққа шыға алады. Осы жылдың соңына дейін IT-қызметтер экспортының көлемін 1 млрд долларға жеткізу мақсатында стратегиялық жоспар жүзеге асуда.

Премьер Казахстана Олжас Бектенов выступил на форуме Digital Bridge в Астане
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Премьер-министр үкімет қуатты экономика құру мақсатында еліміз үшін маңызды жобаларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысқа толықтай ашық екенін атап өтті.

Премьер Казахстана Олжас Бектенов выступил на форуме Digital Bridge в Астане
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Форумның нәтижесінде 30-дан астам маңызды меморандумға қол қойылды.
Бектенов Digital Bridge Awards сыйлығының лауреаттарына марапаттар табыс етіп, цифрлық шешімдер көрмесін аралады. Онда отандық IT-компаниялар мен стартап иелері өз әзірлемелерін ұсынды.

Премьер Казахстана Олжас Бектенов наградил победителей Digital Bridge Awards
© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Іс-шара әлемнің 30-дан астам елінен келген инвесторлардың, сарапшылардың, стартаптар мен IT-компаниялардың өкілдерінен тұратын 30 мыңнан астам қатысушының басын біріктірді.
Бүгінде Қазақстан "электрондық үкіметті" дамыту бойынша әлемде 24-ші, онлайн қызметтер бойынша 10-шы орында тұр.