Жыл соңына дейін Қазақстан нарығына бес шетелдік лоукостер кіреді

0
237

Олардың қатарында Оңтүстік Корея, Тайланд және Үндістанның арзан әуе компаниялары бар.


Жыл соңына дейін Қазақстан нарығына бес шетелдік лоукостер кіреді

© Photo : Министерство транспорта Казахстана

ERNUR.KZ. 2025 жылдың соңына дейін Қазақстан нарығында бес шетелдік лоукостер қызмет етеді, деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, деп жазады sputnik.kz.

Олардың қатарында Оңтүстік Корея, Тайланд және Үндістанның арзан әуе компаниялары бар.
"Бүгінде кореялық әуе тасымалдаушылар нарыққа кіріп үлгерді. SpiceJet жазда Делиден Алматыға ұшады. Thai AirAsia X-ке келсек, біз оларды жыл соңына дейін күтеміз. Әуе компаниясы Бангкок пен Пхукеттен Алматыға қатынайды", - деді ол.

Томпиева сондай-ақ әлемдік тәжірибеге сәйкес, лоукостерлердің билет бағасы тұрақты әуе тасымалдаушыларымен салыстырғанда әрқашан едәуір төмен болатынын атап өтті.
Бұған дейін Көлік министрлігі 2025 жылы қазақстандықтар үшін 32 жаңа әуе бағыты ашылатынын мәлімдеген болатын.