Тергеушілер әйелді зорлап, алам өлтіріп, екі жасар қызды ұрлаған күдіктіге қатысты фактілері істі аяқтады.
Фото: Іnstagram.com/stories/advokat_saryyeva
ERNUR.KZ. Бұл жағдай Талғар халқын дүр сілкіндіргді. Күдіктіге қылмыстық кодекстің 11 бабы бойынша айып тағылды, деп жазады stan.kz.
Адвокат Асылбек Абдраимов әріптесі Жандос Палмановпен бірге іс материалдарымен танысуға кірісті.
“Барлық қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалар аяқталды. Іс тараптарға танысу үшін жолданды”, — деді адвокат.
Басты күдікті — азамат Е. қылмыстық кодексінің 11 бабы бойынша айыпталды:
- 99-бап, 2-бөлім, 7-тармақ — “Адам өлтіру, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы”;
- 125-бап, 3-бөлім, 2-1-тармақ — “Кәмелетке толмағанды қатыстыру арқылы адам ұрлау”;
- 120-бап, 1-бөлім — “Зорлау”;
- 121-бап, 1-бөлім — “Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер”;
- 190-бап, 3-бөлім, 4-тармақ — “Алаяқтық, адамдар тобы болып жасалған”;
- 147-бап, 5-бөлім — “Бостандықтан заңсыз айыру”;
- 149-бап, 2-бөлім — “Тұрғын үйге заңсыз кіру”;
- 115-бап — “Өлтіремін деп қорқыту”;
- 287-бап, 3-бөлім — “Қаруды заңсыз жасау”;
- 288-бап, 1-бөлім — “Қаруды заңсыз сақтау”;
- 132-бап, 4-бөлім — “Кәмелетке толмағанды қылмыс жасауға тарту”.
Бұл іс бойынша екі кәмелетке толмаған — А. мен К. де жауапқа тартылған. Оларға қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды:
- 99-бап, 2-бөлім, 7-тармақ — “Адам өлтіру, адамдар тобы болып жасалған”;
- 125-бап, 3-бөлім, 2-1-тармақ — “Кәмелетке толмағанды қатыстыру арқылы адам ұрлау”.
Айта кетейік, Талғарда ер адамға оқ атып өлтіріп,екі жасар қызын ұрлап кеткен еді. Кейіннен бүлдіршін аман-есен табылып, күдікті қолға түскен. Сотталушы қамауға алынып, оның қылмыс үшін қолданған қаруы тәркіленді. Ал өзі қамауға алынды