​Іш КЕПКЕНДЕ қантқа МАЙ тамызып ЖЕУ керек

0
4 159

Тез арада көмектеседі


​Іш КЕПКЕНДЕ қантқа МАЙ тамызып ЖЕУ керек

фото: коллаж

Іштің кебуі өте жағымсыз ауру. Жаныңызға батып ауыртқанымен қоймай, қолайсыздық тудырып, өз-өзіңнен қымсынасың. Іште жиналған жел сыртқа шықпайынша мазаңыз болмайды. Бұл жағдай ішекке бактерия түскеннен орын алады.

Іштің кебуін халықтық әдіспен аз уақыттың ішінде емдеуге болады. Әсіресе түнде мазалаған ауруға мына әдіс арқылы шипа табыңыз.

фото: коллаж

  1. 1 ас қасық түймедақ (ромашка) гүлін 1 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Салқындаған соң сүзіп алып, шай ретінде ішіңіз.
  2. 50 гр. қазтабан (лапчатка), 25 гр. түймедақ (ромашка) гүлін, 15 гр. фенхель жидегін, 10 гр. зире жидегін алып, жақсылап үгітіңіз. Оның 2 шай қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, араластырасыз. 10 минуттай тұндырған соң сүзіп алып, 1 шай қасықтан ішесіз. Артынан 2 шыны шай ішесіз.
  3. 1 шай қасық кептірілген жусан (полынь) үгіндісін 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 30 минуттан соң сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішесіз. Емді тамақтанудан 15 минут алдын қабылдау керек. Емделу мерзімі – 1 ай.
  4. 2 шай қасық ұнтақталған бөріқарақаттың (барбарис) қабығымен тамырын 2 стақан қайнаған суға салып, отқа қоясыз. Баяу отта 5 минуттай қайнау керек. Белгіленген уақыттан соң оттан алып, қақпағын мықтап жабасыз. Тура 2 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1/2 стақаннан жылы күйінде ішесіз. Емді күніне 3-4 рет, тамақтанудан 20 минут алдын қабылдайсыз.
  5. 3 шай қасық ақжелкен тамырын 0,5 стақан қайнаған суға салып, 8-10 сағаттай тұндырып қоясыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішесіз. Емді тамақтанудан 20 минут алдын қабылдау керек.
  6. 2 шай қасық ұнтақталған аскөк дәнін 400 мл қайнаған суға салып бетін жауып қоясыз. Шамамен 10 минуттан соң емдік тұнбаны сүзіп алып, 100 мл-ден күніне 3 рет ішіңіз. Емді тамақтанудан 30 минут алдын қабылдау керек.
  7. 20 гр. ақжелкен дәнін 1 стақан салқын суға салып, араластырыңыз. Оны ыдысымен қайнап тұрған суға қойып, булау керек. 30 минуттай ыстық суда тұрған ыдысты алып, тұнбаны сүзесіз. Дайын болған сусынды 1 ас қасықтан күніне 5 рет ішіңіз.
  8. 1 текше қантқа 4-7 тамшы аскөк немесе әніс майын тамызып, жейсіз. Бұл іштің кебуін тез арада тоқтатады.
  9. 2-3 дана белсендірілген көмірді 1 стақан сумен жұтыңыз. Бұл іштің кебуіне жедел түрде көмектеседі.
  10. Егер сізде іштің кебуі созылмалы жағдайға ұласса, онда күнде таңғы астан алдын 1 шай қасық жолжелкен (подорожник) дәнін шайнап жеңіз. Емдік шөпті түнде ыдысқа салып, үстіне қайнаған су құясыз. Ол таңға дейін қоймалжыңға айналады. Емді үзбей 10 күн жүргізсеңіз, іш, ішек ауруларынан біржолата құтыласыз.
  11. Таңғы астан алдын 1 стақан қайың бүршігінен демделген шай ішуді әдетке айналдырыңыз. Шайды демдеу үшін 1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық үгітілген қайың бүршігін саласыз. Бетін жауып, 1 сағатқа қалдырыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, ашқарынға ішу керек.
  12. 1 шай қасық үгітілген күнзе дәнін 1 стақан қайнаған суға салып, 2-3 минутқа бояу отқа қоясыз. Сосын 15 минуттай тұндырып қою керек. Артынан сүзіп алып, 1/4 стақаннан әр тамақтанудан алдын ішесіз.

фото: mozhga18.ru


Іш кепкенда мына тағамдарды шектеңіз

Іштің кебуіне түрлі тағамдарды қабылдау да әсер етеді. Сондықтан да бұршақ тұқымдастар (фасоль, горох, соя), қырыққабат, пияз, шалғам, сүт өнімдерін шектеп тұтыныңыз. Оған қоса, квас пен газды сусындарды да аз қолдануға кеңес береміз.


Іштің құрылдауы, кебуі, өтуі, қатуы, қай-қайсысы болса да адамға жайсыздық тудырады. Оған жол бермеу үшін ішекті аурудан қорғау керек. Ішекке бактерия түсті дегенше, жоғарыда айтылған жайсыздықтар орын алады. Ендеше, ішіңіз кеуіп бастағаннан-ақ, осы әдістердің бірімен ем жасаңыз. Аз уақыттан соң керемет нәтижеге көз жеткізесіз.

Керек кеңесті оқып алыңыз, жаныңыздағыларға да айта жүріңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Дереккөз: apteka72.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТҰМАУҒА ем болатын ЕКІ әдісті БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ


БАС ауруын лимонның ҚАБЫҒЫ қойдырады


ҚЫС бойы МЫНА сусынды ішіп жүрсеңіз АУЫРМАЙСЫЗ