​КҮКІРТІ жоқ СІРІҢКЕ терідегі СҮЙЕЛДІ кетіреді

0
22 394

Емді қалай, қашан қолдану керектігі төменде толық жазылған. Емді 1-ақ рет жүргізесіз


​КҮКІРТІ жоқ СІРІҢКЕ терідегі СҮЙЕЛДІ кетіреді

фото: drbaharoznur.com

Сүйел адамға жайсыздық тудырады. Ол ауырып мазаламаса да, тамақ жеп, тірлік істеуіңе кедергі келтірмесе де ыңғайсыз. Оған елеусіз қарауға болмайды. Сүйелді шыққан кезде-ақ көзін құрту керек. Әйтпесе, саны көбейіп, соңы жараға ұласуы ықтимал.


Сүйел не үшін шығады?

Теріде шығатын бұл дақ вирустың әсерінен пайда болады. Оны бассейннен, қоғамдық тамақтанатын орыннан, косметикалық салоннан және басқа кез келген қоғамдық орындардан жұқтыруға болады. Одан бөлек:

  • иммунитеттің төмендеуінен;
  • жеңіл жарақат алғаннан;
  • терідегі жарадан;
  • көп терлеуден;
  • синтетикалық немесе денеге қонымсыз тар киім кигеннен сүйел пайда болады.

Сүйелді күйдіріп, қырқып түсіретін неше түрлі жақпалар бар. Олардың кез келгенін дәріханадан таба аласыз. Бағасы да аса қымбат емес. Десе де, артық шығын шығармай үй жағдайында да сүйелді кетіруге болады. Ол үшін мына әдістерді қолданып көріңіз.


ПИЯЗ бен САРЫМСАҚ

Құрамы пайдалы заттарға бай бұл екі көкөніс сүйелдің де көзін құртуға қабілетті. Төмендегі 3 әдіспен сүйелден құтқара алады:

1. Сарымсақтың бір тілігін пияздың жұқа қабығымен сүйелге таңып қоясыз. Әр 2-3 сағат сайын қайталап отырсаңыз, бір күнде-ақ оң нәтижесін көресіз.

2. Пияз бен сарымсақты жақсылап езесіз. Оған 0,5 шай қасықтан ерітілген құйрық пен сірке суды қосып, мұқият араластырыңыз. Дайын болған қоспаны түнде ұйқыға жатар алдында сүйелге жағыңыз. Қалған қоспаны керамикалық ыдыста сақтаған жөн. Ал таңертең мазьді жылы сумен жуыңыз.

3. Бір тіс сарымсақты шағын ыдысқа салыңыз. Үстіне сірке су құйып, бетін жауып қоясыз. Үш күннен соң дайын болған емдік сарымсақты қақ ортасынан тіліп, сүйелдің бетіне қойыңыз. Емді түнде жасау керек.

фото: papilloma03.ru


СІРКЕ СУ

Иісі өткір бұл сұйықтықтың да сүйелді кетіретін қасиеті бар. Ол үшін:

1. Сірке су мен ұнды бірдей көлемде алып, ыдысқа саласыз. Жақсылап араластырып алып, сүйелге сіңдіріп жағыңыз. Қалған қоймалжыңды беті жабық ыдыста 2 тәуліктен артық сақтауға болмайтынын ескеріңіз.

2. Бір дана лимонды ыдысқа саласыз. Үстіне сірке су құйып, бетін жауып қойыңыз. 2 аптадай жидітілген лимонды орташа етіп тіліктеп, сүйелдің бетіне жағыңыз.


ЙОД

Бұл сұйықтық сүйелді кетіріп қана қоймайды, вирусты да өлтіреді. Қолдану әдісі тым қарапайым. Йодты мақтаға малып алып, сүйелдің үстіне жақсаңыз болғаны. Емі де, күші де өткір йодты тәулігіне 2 рет қолданасыз.

ЕСКЕРТУ! Бұл емді

- 5 жасқа дейінгі балаларға;

- жүкті және емізулі аналарға;

- аллергиясы барларға;

- гормоналды аурумен ауыратындарға қолдануға болмайды.


САЛИЦИЛ ҚЫШҚЫЛЫ

Ем үшін 5 немесе 10 пайыздық салицил қышқылын алғаныңыз дұрыс. Сұйықтыққа мақтаны малып алып, сүйелге жағасыз. Емді түнде ұйқыға жататын кезде жасаған жөн. Таңертең сұйықтықты салқын сумен жуасыз. Емделу мерзімі – 10 күн.


КҮЛ

Сүйелді кетіру үшін тек қана ағаштың күлін қолданасыз. Егер сүйел кішкентай болса онда күкірті жоқ сіріңкенің бірнеше талын жағып, күлін алыңыз. Күлге бірнеше тамшы су құйып, араластырасыз. Дайын болған қоймалжыңды сүйелге жағып, жатыңыз. Емді күніне 1 рет 1 апта жүргізесіз.

фото: vseglisty.ru


СҮЙЕЛШӨП

Дәріханада сатылатын қызғылт-сары сұйықтық сүйелді кетіріп, ізін де қалдырмайды. Емдік қасиеті орасан сүйелшөптің (чистотел) құрамы алкалоидқа бай болғандықтан өте сақтықпен қолдану керек. Егер аллергия берсе, емді дереу тоқтатыңыз.


КАРТОП

Картоп шырыны көптеген тері ауруларына ем екенін ежелден белгілі. Ол үшін бір дана көкөністі қақ ортасынан екіге бөліңіз. Сыртымен сүйелді ысқылап сүртіп, жерге көміп тастайсыз. Картоп шіріген кезде сүйел де өзінен-өзі түсіп қалады.


МҰЗ

Бірнеше текше мұзды алып, сүйелді жақсылап сүртіңіз. Соңынан сүйелге байлап қоясыз. Ауырып бастаған кезде мұзды алып, қайтадан мұздатқышқа саласыз. Емді әр 2-3 сағат сайын қайталап, тәулігіне 5-6 рет жүргізіңіз. 5-7 күннен соң-ақ керемет нәтижеге көз жеткізесіз.


Сүйелді кетірудің жолы оңай болса да, сақтану керектігін ескертеміз. Сүйел жаныңызға батып ауырмайды. Десе де, емдік шараларын жүргізбей, тазалық сақтамасаңыз, соңы айықпас жараға айналуы ықтимал. Сондықтан да мейлінше сақ болғаныңыз жөн.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дерекөз: bestlavka.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ПИЯЗ бен СУ – ішекті ҚҰРТТАН тазалайды


СТРЕСТЕН мына ТОҒЫЗ түрлі АУРУ пайда болады


АВИТАМИНОЗДЫҢ маңызды ТОҒЫЗ белгісі