​ТЕМПЕРАТУРАНЫ бес минутта ДӘРІСІЗ түсіруге болады

0
74 829

Дәрісіз де дене қызуын түсіруге болады


​ТЕМПЕРАТУРАНЫ бес минутта ДӘРІСІЗ түсіруге болады

фото: zen.yandex.by

Кез келген дәріханада ұзын-сонар кезек. Тапжылмай тұрғандардың алатын дәрісі - парацетамол. Сонда бүгінгі ылаңның емі осы дәрі болғаны ма, әлде дене қызуын түсіретін басқа амал таппағаны ма? Мына кезекті сырттай бақылап отырып осындай ойға қаласың. Жалпы, адамды ауру емес, үрей қинап жатқан секілді. Миын, санасын, болмысын қорқыныш биледі. Өйткені қызуы көтерілсе, ақырын күтпей, дәріханаға тұра ұмтылады. Мұндағы кезекте тұрған адамдар сан түрлі ойларын, естіген сөздерін, көрген оқиғасын сөз етіп, одан бетер уайымға салады. Жалпы, дене қызуы короновирус пайда болғалы шығып жатқан жоқ қой. Былтыр қыста да, күзде де, көктемде де, тіпті кейбіріміз жазда да ауырдық емес пе? Сол кезде көтерілген температураны немен түсірдік. Аз ғана ойланайықшы. Өзімізді сабырға шақырып, үй жағдайында ем-домын жасайық.


ТЕМПЕРАТУРА НЕГЕ КӨТЕРІЛЕДІ?

Жалпы, температураның көтерілуі қалыпты жағдай. Ағзаға инфекция, вирус, бактерия, уытты заттар түскенде немесе суық тигізіп алғанда қызу көтеріледі. Бұл қорқынышты емес. Керісінше аталған қауіппен күресу үшін қызу көтеріледі. Қайта біз ағзаның өзімен-өзінің күресуіне мүмкіндік беруіміз керек. Ағза күресу арқылы иммунитет қалыптастырады. Тіпті, жүрегі, қан тамырлары ауыратындар, давлениесі барлар, онкологичялық ауруға шалдыққандар, қант диабетімен ауыратындар үшін 38-38,5 градус қауіпті емес. Егер осы көрсеткіштен ары қарай көтерілмесе, даурығудың қажеті жоқ. Ал егер қызу 40 градусты көрсеткен жағдайда үйде МЫНА әдісті қолданып көріңіз. 3 күнге дейін қызу бірде түсіп, бірде көтеріліп, күресіп жатады. Бұл кезде сіз ағзаға аздап ғана көмектесіңіз. Ол үшін ДӘРІ қабылдамай, керісінше МЫНА СҰЙЫҚТЫҚТЫ ішіңіз.


фото: sterlibashevskierodniki-b.rbsmi.ru


ЖӨКЕ ТҰНБАСЫ

2 ас қасық кептірілген жөке (липа) гүлін 1 стақан қайнаған суға араластырасыз. Жарты сағаттай тұнған соң сүзіп алыңыз. Дайын болған тұнбаға 1 шай қасық бал қосып ішесіз. Емді тәулігіне 4 рет қабылдасаңыз, дене қызуы түседі әрі бойыңызға сергектік сыйлайды.


ТАҢҚУРАЙ ТҰНБАСЫ

Кез келген базардың сөресінде самсап тұрған таңқурайды езіңіз. Оның 2 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, бұлау жасайсыз. Шамамен 15 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, термосқа құйыңыз. Емдік қасиеті мол тұнбаны кішкене ұрттамнан күні бойы ішесіз.


ПИЯЗ ТҰНБАСЫ
  • 1 дана пияздың қабығын аршып, ұсақтап турайсыз. Езбеге 2 стақан қайнаған су құйып, ыдысты жылы орап қойыңыз. Таңертең тұнбаны сүзіп алып, әр 2 сағат сайын 2 шай қасықтан қабылдайсыз.
  • 0,5 стақан балға үккіштен өткізілген 1 дана алма мен 1 дана лимонды қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны тәулігіне 2 рет 1 ас қасықтан қабылдайсыз.

фото: yandex.uz

ЛИМОН ШЫРЫНЫ

1 стақан жылы суға 2-3 қасық лимон шырыны мен 30 гр. бал қосып, ұйқыға жатар кезде ішесіз. Бұл сусын ағзаны С дәруменімен толықтырады, бойыңызды дендеген суықты шығарады. Егер бұл сусынға үгілген сарымсақ қоссаңыз, емдік қасиеті арта түседі.

Сарымсақ – бактерия мен вирустың қауіпті жауы екенін ұмытпаңыз.


ШӨПТЕР ТҰНБАСЫ

Кеңдеу ыдысқа үгілген шетен (рябина), итмұрын (шиповник), аюбадам (бузина), жөке (липа), бүлдірген (ежевика) жапырағы мен шырғанақ бұтақшасын салып, жақсылап араластырыңыз. Осы қоспаның 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, араластырыңыз. Стақанды ыстық суға салып, бетін бүркеп қоясыз. Тұнба салқындаған кезде сүзіп алып, 1 ас қасық балмен араластырып ішесіз. Емдік қасиеті мол тұнбаны аз жұтымнан ішу керек. Сосын 5-10 минуттай жатсаңыз, температура түсіп, денеңіздің ауырғаны басылады.


Сүтке бал, сода, май қосыңыз

Бұл сұйықтық температураны түсіреді, иммунитетті нығайтады әрі бойыңызға сергектік сыйлайды.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ПНЕВМОНИЯНЫҢ ең алғашқы 10 БЕЛГІСІ қандай?


СІЗГЕ қандай ДӘРУМЕН жетіспейтінін БІЛЕСІЗ БЕ?


БІР қасық КУРКУМА өкпені ҚАҚЫРЫҚТАН тазалайды