​ТІСІҢІЗ ауырса ЖАЛБЫЗ тұнбасымен шайыңыз

0
6 187

БІР-АҚ күнде нәтижесін беретін ОҢАЙ әрі ТИІМДІ ем


​ТІСІҢІЗ ауырса ЖАЛБЫЗ тұнбасымен шайыңыз

фото: about-tea.ru

Тіс ауруы бірден басталады да, шыдатпай жаныңды жейді. Бас, іш, асқазан ауырса, дәрі ішіп ауруды басуға болады. Ал тісіңіз ауырған кезде ше? Әсіресе, түнде немесе демалыс күндері тістің ауырғанын қалай басамыз? Оның шешімі стоматолог дәрігер екенін білеміз. Алайда дәрігер тексеріп, неден ауырып жатқанын анықтағаны жақсы. Десе де, дер кезінде дәрігердің көмегінсіз де дәрілік шөптермен дертке дауа табуға болады. Ендеше, тіс ауруына үй жағдайында ем болатын тәсілдермен танысып шығайық...


ЖАЛБЫЗ шайы

Ащы жалбыздың (мята) құрамында хош иісті әрі ащы ментол бар. Ол өз кезегінде ауруды басып, тыныштандыратын қасиетке ие. Ал тістің ауырғанын басу үшін жалбыз тұнбасын қолдансаңыз болады. Оны дайындау үшін 2 ас қасық жалбызды 1 стақан қайнаған суға салып, 20 минут тұндырып қоясыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ауыз қуысын шайыңыз. Сол мезетте-ақ тістің ауырғаны басылады.

Тіпті, жалбызды ауырып тұрған тіске бассаңыз да ауырғаны басылып, жаныңыз жадырай түседі.


ҚАЛАМПЫР майы

Қалампыр майының құрамында микробпен күресуге күшті әсер ететін зат бар. Әрі ауруды басып, қабынуды емдеуге қабілетті келеді. Тісіңіз ауырған кезде 1 тамшы қалампыр майына 1 шай қасық өсімдік майын араластырыңыз. Оны мақтаға малып алып, ауырған тіске және қабынған қызыл иекке басасыз. Бір рет қолданған соң-ақ тісіңіздің ауырғаны басылатынына сеніңіз.

Тіпті, қалампыр майының 1-2 тамшысын 1 стақан жылы суға араластырып, ауыз қуысын шайсаңыз да пайдасы тиетінін байқайсыз.

фото: narodmedical.ru


ТҰЗДЫ су

Тұз қосылған судың емдік қасиеті орасан. Оны ауыз қуысын зарарсыздандыру үшін қолдануға болады. Сонымен қатар, ауыз ойылғанда, қызыл иек қабынғанда, тістің түбі іріңдеп ауырғанда таптырмайтын «дәрі» болмақ. Емдік кереметі мол суды дайындау әдісі өте қарапайым. Бар болғаны 1 стақан жылы суға 1 шай қасық тұз араластырып, ауыз қуысын шаясыз. Әр 2 сағат сайын 3-4 рет қайталасаңыз, тісіңіздің ауырғаны сап тыйылады әрі тамақ ауруларын да емдей алады.


ВАНИЛИН

Иә, иә, кәдімгі тәтті пісіретін кезде қосатын ванилиннің де тіс ауруын емдейтін қасиеті бар екен. Бірақ ванилді қантпен шатастырып алмаңыз. Ванилинді тәттілер дайындауға қажетті заттарды сататын кез келген дүкеннен таба аласыз. Бірнеше данасын ауырған тісіңізге қойып, 10-15 минут жата тұрыңыз. 1-1,5 сағаттан соң керемет әсерін байқайсыз.

Ванилин ауырғанды басады, суыққа қарсы күресіп, қызыл иектің қанауын тоқтатады.


ШАЙ АҒАШЫНЫҢ майы

Аталған май да залалсыздандырып, қабынуға қарсы күресетін күшке ие. Ендеше 1-2 тамшы майды 1 стақан жылы суға араластырып, ауыз қуысын шаясыз. Шай ағашының майына мақтаны малып алып, тісіңізге, қызыл иекке қойсаңыз да керемет ем болмақ.

фото: temperaturka.com


МҰЗБЕН массаж

Ауырып тұрған тіске мұз басу – ақымақтық деп ойлайтыныңыз анық. Бірақ, суықты суық алатынын да ескеріңіз. Тамағының ауырғанын балмұздақ жеп емдегендер туралы естімеген боларсыз. Алайда, мұндайлар арамызда жетіп артылады. Демек, тіс ауруын да мұзбен емдеп көруге батыл шешім қабылдап көріңіз.

Бір текше мұзды саусағыңызбен алып, ауырған тісіңізге тигізіңіз де, баяу қимылмен уқалаңыз. Емді 5-7 минуттай жалғастырасыз. Осылайша 2-3 емнен соң-ақ тісіңіздің ауырғаны басылып, тіпті дәрігерді де қажет етпей қаласыз.


Иә, тіс ауырса шыдас беретіндер өте кем. Оның емі – жұлдыру деп қарайтындар да бар. Десе де, тісіңіз ауырғанда жоғарыда айтылған емді байқап көріңіз. Бірақ, тісіңіздің ауырғаны басылған соң дәрігердің кеңесін алуды ұмытпаңыз. Өйткені бұл емдік әдіс тек ауырғанын басады, ауруды емдемейді.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: intex-press.by


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ИММУНИТЕТІ мықты бала ПНЕВМОНИЯМЕН ауырмайды – дәрігер


ШАШЫРАТҚЫ көздің КӨРУ қабілетін жақсартады


Қолтықтың ТЕРЛЕУІ қандай АУРУДЫҢ белгісі екенін білесіз бе?