«Әдейі қашып кеттім» : Роза Рымбаева туған күннің көңілсіз екенін айтты

0
985

«Тойлағым келмейді»


«Әдейі қашып кеттім» : Роза Рымбаева туған күннің көңілсіз екенін айтты

Бүгін эстрада әншісі, актриса, профессор, Қазақстанның халық әртісі, Өзбекстанның және Қырғыз елінің еңбек сіңірген әртісі, «Халықтар достығы», «Парасат», «Тарлан», «Құрмет» (Ресей, 2002), «Құрмет» (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», ІІ дәрежелі «Достық» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Роза Рымбаеваның туған күні.

Халық әртісі биыл 64-ші күзін қарсы алып отыр. Роза Қуанышқызының осынау керемет қуанышын өнердегі өкшебасар сіңлісі, әнші Мерует Түсіпбаева желіге салып, оқырмандардың назарын аударды.

Түнгі 12.00-де құттықтап барған бір топ жанашырлары әншіні тәтті торт пен гүл шоқтарымен қуантты. Бірақ, Р.Рымбаева туған күнін құттықтаушыларды аса күтпеген сыңайлы. Видеода «Біз ұйықтап қалып едік, өйткені, азанда ұшаққа отыруым керек. Әдейі қашып бара жатырмын» деген сөздері естіледі.



Сонымен бірге туған күнге микрофон бейнеленген тортты Аяулым Айгелдина деген жанкүйері арнайы пісіріп беріпті. Ол өз лебізін осы торт арқылы Меруерт Түсіпбаевадан жолдаған көрінеді.

Ал оқырмандардың әншіні туған күнімен құттықтаған лебіздері толастар емес.

Айта кету керек, әнші 1977 жылы Болгарияда өткен «Алтын орфей» халықаралық фестивалінде Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындап, одақ көлемінде танымалдыққа ие болды.

Сонымен қатар, Роза Рымбаева киноактриса ретінде де танымал. 1976 жылдан бері ресейлік және отандық туындыларда басты ролдерді сомдап келеді.

2012 жылы Түркия, Жапония, Белорусь, Ресей Федерациясында концерттік кеш өткізді.

Осы күнге дейін танымал әншінің 10-ға жуық жеке ән жинағы тыңдарманға жол тартып үлгерді.