Сахнадан ұзақ жылдар бойы жырақта болған әнші енді емдеу тәсілін ойлап табуды көздеп отыр.
фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден
Кезінде Нұржан Керменбаевпен бір топта өнер көрсеткен Жанар Хамитова араға он бір жыл салып сахнаға қайта оралды. Ұзақ уақыт бойы өнер әлемінен алшақ жүрген әнші өзінің алға қойған басты мақсатымен бөлісті, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.
Жанар Хамитова «Қалаулым» бағдарламасындағы сұхбатында медицина саласы бойынша көп ізденіп жүргенін айтты. Алдағы уақытта жаңа дәрі ойлап таппақ ниетте екен.
Денсаулықты басты орынға қоятын ана, балаларын ешбір антибиотиксіз емдейді. Шығарғалы жатқан дәрінің идеясы бар, алдағы уақытта шығатынын да сеніммен айтты ол.
«Қазір маған маңыздысы - медицина. Құпия емес, мен балаларымды антибиотиксіз емдеймін.Тек қана перекисьпен. Бірінші байлық денсаулық қой. Балаларымыз ауырмаса... Мен бір дәрі ойлап таптым. Идеясы бар. Мен оны зерттедім. Біраз уақыт керек. Жүзеге асу үстінде. Денсаулық - бірінші кезекте. Әсіресе, балалардың денсаулығы. Қариялардың денсаулығы», - деп өзінің алға қойған мақсатымен бөлісті.
Сондай-ақ, әншінің тіл үйренуге деген құштарлығы ерекше. Ол үшін ең оңай үйрнген тілі қытай тілі, ал қиыны орыс тілін үйрену болған.