Бай-бағланның тоқалдары не үшін Тәуекел Мүсілімге ғашық (видео)

0
3 331

Бай-бағландар Мүсілімді өз кештерін басқаруға шақырғысы келмейді.


Бай-бағланның тоқалдары не үшін Тәуекел Мүсілімге ғашық (видео)

фото: kaz.nur.kz.

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім өзінің сымбаттылығының "кесірінен" бай-бағландардың айтулы кештерін жүргізе алмай жүрген көрінеді. Бұл ақпаратпен әзілкеш Марат Оралғазиннен сұхбат алған Нұрсейіт Жылқышыбай бөлісті. Оның сөзінше, шоу-бизнес серісіне қалталы азаматтардың тоқалдары бірден ғашық болып қала береді, деп жазады kaz.nur.kz.

Журналист танымал әзілкешке той-томалақтарды жүргізуге қатысты қойған сауалында талай қыздың арманы болған Тәуекелді сөз етеді.

Ол ел арасында бай-бағландар Мүсілімді өз кештерін басқаруға шақырғысы келмейтіні жайлы әңгіме есіп жүргенін жеткізді.

Айтуынша, оған қалталы азаматқа тоқал болып жүрген арулардың сымбатты актерге жиі ғашық болып қалуы себеп болса керек.

Марат Оралғазин өз кезегінде аталмыш қауесетке қатысты ойын білдіріп, Тәуекелдің той жүргізудегі артықшылығы мен кем тұстарын ашып айтты.

"Тәуекел Мүсілімнің мерекелерді жүргізгенін көрмеппін. Оның басым жерлері де, кем тұстары да бар. Кемшілігі, мүмкін импровизация аздау шығар. Ол өзін актер ретінде танытқан адам. Көбіне оны мерекелерге аты бар, түрі бар болған соң шақыртады. Ал енді тоқалдары үшін Тәуекелді тойға шақырмайтындар жайлы айтайын: тоқалдарын Тәуекел алып кетсе, өздері әлсіз болғаны ғой" , - деді ол.