«Бәрі ақша, хайп үшін бе?»: Желіні шулатқан жұп көптің сауалына жауап берді

0
3 719

«Көпшіліктің аузына қақпақ бола алмайды екенбіз»


«Бәрі ақша, хайп үшін бе?»: Желіні шулатқан жұп көптің сауалына жауап берді

Белгілі продюсер, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіні шулатқан бойы аласа жігіт Ғалымжан мен қалыңдық Гүлзаттың жұбымен сұхбаттасып, оқырмандардың көкейіндегі біраз сауалдарға жауап алды. Тележүргізушінің ойынша, Ғалымжан мен Гүлзат буллингтің құрбаны болып отыр.



Аталған жұптың үйленгеніне бір жылдан асып кетіпті. Той барысындағы бейнеүзік Тик-ток желісіне салынған соң сыни пікірлер көбейіпті. Көптеген пікірлерден соң жас келін Гүлзат өз инстапарақшасында бірнеше жазба жариялады.


«Махаббат - дүниедегі ең ұлы сезім. Адам жанын жадыратып, жүрегіне бақыт ұясын орнықтыратын күші бар ғажап сезім. Жүрегін махаббат мекендеген жанның жүзі нұрланып, келер күнге зор үмітпен, шексіз бақытпен көз салады. Болашаққа нақты мақсаттар жасайды. Мақсатарынын орындалуына əрекет жасау үшін "махаббаттың күшімен" қуаттанады. Бұл - шексіз бақыт.

Отбасы мүшелерінің татулығы, сыйластығы жəне өзара сенімділігі. Тəнге азық керек болғанындай, жанға да рухани азық - махаббат дəл солай керек. Өйткені, жүрегінде махаббат сезімі бар адамның бойында адамгершілік пен жанашырлық сезімдері қатар жүреді. Жүрегі мейірімге толады. Мейірімді жан əлемге тек жақсылық пен қуаныш таратушы. Сол себептіде, жүрегіміздегі мейірім сəулесін - махаббатымызды аялауымыз, мəпелеуіміз керек-ті. Əлемге махаббатпен қарайық!»
- деді бір сөзінде Гүлзат.

Гүлзатты «Бәрі ақша, хайп үшін бе?!» деген сауал мезі қылса керек, оған да жауап беріпті.

«Әлеуметтік желілерге біздің видео таралғаннаң бері осы сөзді көп естіп жүрмін. Басында көңіліме алып қатты ренжігенім де бар. Жасы бар, үлкені бар өте ұят айтуға болмайтын пікірлер қалдырыпты. Барлығына бірдей жауап бере алмасам да, әйтеуір кейбіріне жауап жазып жүрдім. Бірақ сол сәтте Ғалекем мені қолдап үнемі жұбатып отырады. Шыны керек, қазіргі қоғамда барлығының аузына қақпақ бола алмайды екенбіз. Бірі қызығып қараса, бірі қарғап қарайды.
Сіздерге айтарым, біреудің өміріне жақсы көзбен қарап жақсы қабылдасаңыздар деймін. Мына бес күндік қысқа ғұмырда тек бір-бірімізді сыйлап құрметтей білейік.
Және де ешқандай да ақша, хайп үшін емес. Бұл жәй ғана бізге берілген үлкен мүмкіндік деп білемін. Тәтті тілектерін жазып әрдайым бізді қолдап отырған жақсыларға айтарым сіздерге де Алла бақытты ғұмыр нәсіп етсін!
Бізге тілеген тілектеріңіз екі еселеніп қайтсын!
Әр қазақ бақытты болуға лайықты!»,
- деді жас келін.