"Біртүрлі ойға батырады": Қарақат Әбілдина шетелден үй алатындарын айтып, сынға қалды

0
4 205


Танымал жұлдызды жұп Қарақат пен Қыдырәлі Түркияның Алания қаласынан үй алмақ. Бұл туралы Қарақат ханым өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Алания қаласына келгендегі мақсатымыздың бірі, үй қарау болатын.Біздің үлкен отбасы үшін қонақ үйге тоқтау тиімсіз екенін наконец-то ұқтық.
20 жылда демалысқа кеткен ақшаны есептесек, осы күнде Аланиядан 5-6 пәтер алатындай қаражат жұмсаған екенбіз.
Бүгін,халықтың сеніміне кірген,осы елдегі мықты құрылыс компанияларының бірі "Alanya homes" офисіне барып, болашақ үйімізге таңдау жасап қайттық.
Таңдау өте көп.Бағалары да әр түрлі☺️ және бөліп төлеу(расрочка)мүмкіндігі қарастырылған.
Жекеме жазып сұрап жатқан жандарға кеңесім,үй сатып алуға келгенде өте абай болған жөн. Сенімді компания арқылы шықпасаңыз,мұнда алданып қалу қауіпі жоғары.
Бәсекелестік көп болғанда солай ғой...
Компания басшысы Нури бей қайырымдылықты көп жасайтын,иман жүзді жақсы адам екен.Менің атымнан хабарласып үй сатып алған отандастарыма /1000 €/ ақшалай,заттай сыйлық жасайтын болды. Ниетіне рақмет әрине, сыйлық алғанды кім жақсы көрмейд
і" - деген әнші шетелден үй ал армандары болғанын да айтып қалды.


Мұны оқыған оқырмандар "Керемет құтты болсын! Бізге де жұғысты болсын", "Алған үйлеріңіз шуақты,берекеге толы болсын,бізге де жұғысты болсын" деген ізгі тілектері мен құттықтауларын жаудыруда.

Десе де бір тобы отындық әншілердің шетелден үй алғанына да өкпелі сияқты. Оны "Осы уақытка дейін Түркиядан үй алмай сонғы уақытта ақшасы бар қазақстандықтардың шетелге көшуі, үй алып қоюлары біртүрлі ойға батырады. Қанша дегенмен қарапайым халыққа қарағанда билік басындағыларға бір табан жақынсыздар, мүмкін алдағы уақытта елімізде жайсыз жағдайлар болса шетелге көшеміз деген ойларыңыз бар сияқты" деген пікірлерінен аңғаруға болады.