​«Деңгейі белгілі болды»: Қайрат Нұртас балағаттағаны үшін айыппұл арқалады

0
1 287

«Концертке келген адамдарды сыйламады»


​«Деңгейі белгілі болды»: Қайрат Нұртас балағаттағаны үшін айыппұл арқалады

Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас концертте балағат сөз айтып, видеоға түсіп қалғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ол 73840 теңгені құрайды.


Концерт видеосы бірнеше күн бұрын әлеуметтік желі арқылы тарап, желі қолданушыларының түрлі реакциясын тудырған болатын. «Заң бәріне ортақ, әнші ме, басқа ма, жауапкершілікке тартылсын!», «Деңгейі белгілі болды, әбден есіріп кеткен», «Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді», «Масқара, концертке келгендердің құны ол үшін көк тиын екен», «Заң қайда, осындайларды неге көрмейді?», деп жазды көпшілік.


Еске сала кетейік, өнер иесіне былтыр, тамыз айында Жамбыл облысы, Қордай ауданында жылдамдықты асыра көлік айдап, жол ережесін бұзғаны үшін де айыппұл салынған еді. Кейін Қайрат Нұртастың көлігін оның жүргізуші айдаған деген ақпарат тарады.