Динара Сәтжан құрбысына және қызы Айсәуле Бақытбекке, сондай-ақ Айсәуленің қайын енесі Диляра Қайдароваға көңіл айтты.
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыса ортақтасты. Тележүргізуші бұл тұста құрбысы Баян Алагөзоваға да көңіл айтты.
«Бұл өте қорқынышты жағдай. Бүгін Алматыдан елордаға ұшып жүрген Bek Air ұшағы апатқа ұшырады. Қаза болғандардың туыстарына және достарына көңіл айтамын», - деп жазды Динара Сәтжан.
Көптеген өнер иелері Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатынан қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Соңғы мәліметтер бойынша, Бек Эйр ұшағы апатқа ұшыраған кезде әділет генерал-майоры, «Генералдар кеңесі» қоғамдық кеңесі төралқасының төрағасы Қайдаров Рүстем Есімханұлы қайтыс болған. Рүстем Есімханұлының қазасына байланысты Динара Сәтжан продюсер Баян Алагөзованы белгілей отыра, қызы Айсәуле Бақытбекке, сондай-ақ Айсәуленің қайын енесі Диляра Қайдароваға көңіл айтты.