Отандық режиссер Instagram парақшасында жары, актриса Ғазиза-Таншолпан Тілеубаймен ажырасқанын хабарлады.
Фото: Жеке парақшадан алынды
ERNUR.KZ. Танымал режиссер Қуаныш Бейсек жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады stan.kz.
Отандық режиссер Instagram парақшасында жары, актриса Ғазиза-Таншолпан Тілеубаймен ажырасқанын хабарлады.
“Ғазиза екеуміз маңызды жаңалығымызды бөліскіміз келеді. Біз енді ерлі-зайыпты емеспіз. Дегенмен, біз жақсы достар болып қала береміз және қызымыздың ата-анасы ретінде әрдайым бірге боламыз", – деп жазды режиссер.
Айта кетейік, Қуаныш Бейсек пен Ғазиза-Таншолпан Тілеубай 2023 жылдың 25 сәуірінде некелерін қиған еді. Ал 2024 жылдың қаңтарында жұлдызды жұптың Ғайнижамал есімді қызы дүниеге келді.
Фото: Жеке парақшадан алынды