"ЕРЖАН ӘЛЕМДІК ЖҰЛДЫЗ" Алла Пугачева қазақ баласын түсінде көрді

0
2 810

Қазақстанның мақтанышы Ержан Максим Ресейлік танымал жұлдыздардың қолдауына ие болды.


Фото:ғаламтордағы ашық дереккөзден

Жақында ауқымды жобаға Қазақстан атынан сынға түскен Ержан Максимді ресейлік әнші Алла Пугачева түсінде көріпті. Танымал әнші Ержанды әлемдік дәрежедегі жұлдыз болатынын айтқан. Бұл туралы You Tube желісіндегі TalkLaik бағдарламасында берген сұхбатта айтты.

Жақында ғана "Голос Дети" жобасының финалында екінші сатыдан көрінген қазақстандық жас әнші Ержан Максим көпшіліктің назарын өзіне аудартты. Таудай талабы бар қазақтың қара домалақ баласымен қоса, жобада өнер көрсеткен жас жеткіншектерді Алла Барисқызы жеке қабылдаған болатын. Кездесу барысында қызықты әңгімелер айтылып, өзінің қолтаңбасы мен арнайы сыйлықтар берген. Ол, өзі қабылдаған әнші балалардың болашақтағы жететін жетістіктерін түсінде көргенін айтқан.

"Алла Пугачева апамен кездестік. Төр бала келді. барлығымызды ресторанға шақырды. Олардың аттары Роберт Богратиян, Нино Чеснер, Настя Иванова. Төртеумізге де өзінің қолтаңбасын және да осындай алқа сыйлады. Және де өзінің ақылын айтты. Ол түсінде көріпті бізді. Робертті үлкен атақты группас ыбар екенін көріпті. Ал мені әлемдік жұлдыз болып жатқандығымды көрген. Нино Чеснер киноактрисасы ретінде таныса, Настяны танымал әнші ретінде көрген", -деп Алла Пугачевамен кездесу барысын баяндап берді.

Тумасынан дарынды болған баланың бүгінгі жетістігіне тек ата-анасы ғана емес дүйім жұрттың қуанып жатқаны бар. Одан өзге, Максим Галкиннің ерекше қолдауы да ер жігітті жігерлендіріп, Валери Миладзенің керемет кеңесін алғанына қатты қуанаындарын айтады, Ержанның анасы

"Тек тіл жағынан қиындық қуғызбаса, ашылып еркін, жақын сөйлесуге бәрі керемет болды. Ән таңдауда көмектесті, тапсырмалар берді, оларды біз орындап, екі жақта жүріп. осындай-осындай қиындықтар болды. Ал, былай өте қарапайым, өте тамаша, керемет адамдар екен. Ержанды өздері бауырына тартып, кішіпейіл екен" - деп анасы өзінің ресейлік жұлдыздарға деген ерекше ықыласын жеткізді.

ERNUR.KZ