"ІНІММЕН ІСІМ БОЛСЫН!"- Роза Әлқожаның інісі үшін берген жауабы

0
9 444

Жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа айтқан сөзіне "заң алдында жауап берсін"- деп әлеуметтік желі қолданушылары жарыса жазып жатыр. Алайда, бұл шуға әпкесі Розаның айтары бар екен.


фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа "Аталарымыз қазақтан қыз алып, қан бұзылды" деп отандық арналардың біріне сұхбат берген болатын. Алайда, жас әншінің бұл сөзі дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Әбдіжаппардың айтқан сөзіне байланысты белгілі қоғам белгендісі, заңгер Айгүл Орынбектің фэйсбуктегі өз парақшасында әнші "заң алдында жауап берсін" деген жазба қалдырды, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Айгүлді қос қолдап қолдайтын желі белсенділерінің пікірі де толастар емес. "Кожалар негизинде болинеди. Казакты кара деп. Олай болмау керек. Я болмаса кетсин елине Сауд Арабиясына!", "Сонда бұл қазақ болмай кім болды? Неге қазақша сөйлеп жүр. Төлқұжатында неге қазақ деп жаздырған? Неге қазақша өлең айтып тайраңдап жүр? Тойған түрі шығар", "Оу шырағым ойланып сөйле! Мүмкін сол қазақтың қызының қаны араласқасын өмірге дұрыс болып туған шығарсың қайдан білесің?! Бетің жылтыр түбің сылдыр бейшара екенсіңғой? Әлдеғандай қылып жүрген әншілерің недеп сандырақтап отыр?!"- дейді желі қолданушылары.


Алайда, бұл пікірлерге әншінің әпкесі Роза Әлқожаның да айтары бар. "Жиырма бестегі баланың бір ауыз дін жайлы сөзіне мән беріп оңарсыздар. Сексендегі шалдардың сөзі дұрыс болмай тұрғанда!", "айтпаған сөзін қиқулатқандармен, сосын ініммен ісім болады енді", "Сіздер бірінші сұхбатты тыңдаңыз. Анна ханыммен сырласқанда қан араласып кетті деген мағынада айтқан. Бұрын қожалар өзді өзі алысқан. Қазір араласып жатыр дегендей", - деп бауыр еті бауырын ақтап, пікір қалдырды.