"Қағазға қарап ән айттым": Әлішер Кәрімов концертінде әндерінің сөзін ұмытып қалған (видео)

0
1 623

Сахнада Мақпал Жүнісова да әннің сөзінен жаңылысты.


Сахнада 15 жыл! Әлішер Кәрмов өнердегі он бес жылын зәулім сарайда атап өтті. Сахнадағы алғашқы қадамын "SuperStar KZ"-тен бастаған әнші жеке кешіне жобадағы достарын шақырмапты. Қатарластарымен ән айтқаннан гөрі, Халық әртісмен дуэт құрғанды құп көрген.

"SuperStar KZ" аяқталғаннан кейін осы сахнада трио болып ән салдық. Одан кейін ән салған жоқпыз. Жоспарда болған жоқ", - дейді әншінің өзі.

Әлішер қатарластарымен ән айтқаннан гөрі, Халық әртісмен дуэт құрғанды құп көрген. Мақпал Жүнісова мен Әлішердің таныстығы "Қазақконцерт" ұйымында бастау алыпты. Кеште Жүнісова өнерде өз жолын тапқан інісіне жеке өміріне көп көңіл бөлуін өтінді.

"Бір сұрақ қойсам: Мен қартаймай тұрғанда қашан үйленесің? Енді үйленбесең қалып кетесің. Адам жалғыздыққа үйреніп кетеді екен. Мен де 15 жылдан бері жалғыз жүрмін", - деп әзілдеді Мақпал Жүнісова.

Халық алдындағы қызықтар мұнымен таусылмады. Осыдан 10 жыл бұрын бірігіп жазған туындыны бұл кеште қайта орындағын әріптестер сахнада сөзден жаңылып, әбден әбігерге түскен.

"Он жыл болған айтылмағанына. Жаңа сөзінен шатысып қалдық. Бағана репетицияда бәрі дұрыс болған. Әлішер де шатысты, мен де шатысып қалдым. Бірақ мен білдіртпей алып кеттім. Өзім қосып жібердім", - деді Халық әртісі.

"Кейбір әндерді қағазға қарап айттым. Өйткені, сахнада тұрып айттым. Концерттің алдында шабыт келіп, бір-екі әнді бірден жазып тастадық. Жап-жаңа әндер. Бүгін тұсауын кестік", - деп ақталды әнші.

Елге есеп берген әнші Республика сарайында екін күн қатарынан кеш өткізді.