Қалыңмалға 15 миллион теңге: Алтынай Жорабаева құдалары әкелген сый-сияпатты көрсетті

0
118

Алтынай Жорабаеваның өзіне әлемге әйгілі Graff брендінің шамамен 18 миллион теңге тұратын зергерлік жиынтығы тарту етілген.


Қалыңмалға 15 миллион теңге: Алтынай Жорабаева құдалары әкелген сый-сияпатты көрсетті

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Әнші Алтынай Жорабаеваның шаңырағында той. Өнер иесі қызын ұзатып жатыр, деп жазады stan.kz.

Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде қызының құдалығынан кейін құдаларынан келген тарту-таралғыны көпшілікке көрсетті. Кадрларда қазақы дәстүрге сай жасалған сый-сияпаттар мен ақ тілектер бейнеленген. Видеода құдалардың әншінің қызына 15 миллион теңге көлемінде қалыңмал табыстағанын көруге болады.

Бұдан бөлек, құдалар жақын туыстарына қымбат тон жауып, алтын білезіктер сыйлаған. Ал Алтынай Жорабаеваның өзіне әлемге әйгілі Graff брендінің шамамен 18 миллион теңге тұратын зергерлік жиынтығы тарту етілген.

“Жаңа құдаларымыздың ақ ниетпен алып келген сый-сияпаттары. Әкелген әрбір тартуына шын жүректен алғыс айтамыз. Береке-бірлігіміз арта берсін!” – деп жазды әнші.

Желіде тараған бейнежазба көпшіліктің назарын аударып, қалыңмалдың көлемі мен бағалы сыйлықтар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

Айта кетейік, сырға салу мен құдалық рәсімдері өткенімен, жастардың негізгі ұзату тойы әлі алда.