Қарақат Әбілдина: "Бүгінгі күнгі балаларда арман бар ма екен?"

0
855

Әнші өзінің бала күнгі армандарын еске алды.


Қарақат Әбілдина:

Көпшіліктің сүйіктісі Қарақат Әбілдина өзінің бала кезіндегі арманын еске алды. Айтуынша, ауылда көп балалы отбасында өскендіктен көп нәрсе таңсық болған. Ал қазіргі балаларда барлығы болғандықтан, "арман деген бар ма екен?" деп желі оқырмандарына сауал жолдапты.

Қарақат Әбілдина: "Еркелік жарасады біздерге
Еркелетер ерім барда,
Еркелетер елім барда,
Еркелеуден жалықпаймын...

Өмірде адамға дем беруші -арман.Арманың мақсатыңа ұласады.Бала қиялы ұшқыр емес пе?Әсіресе,ауылда өскен, көп балалы отбасында тәрбиеленген біз үшін, көп дүние таңсық еді.Анам он алты құрсақ көтеріп,он бесінші перзенті боп мен келіппін.Бала Қарақатқа қаланың у-шуы, жарқылдаған өмірі қатты қызық еді.Қораның үстінде жан -тәніммен беріліп ән салып,концерт қоямын. Өзімді бейнебір Республика сарайында ән шырқап жатқандай сезінетінмін. Бүгінгі дамыған заманның психологиясы,оны визуализация (көз алдыңа елестетіп,күмәнсіз сену)дейді екен ғой.

Баланың тәтті арманы -алдамайды. Маңдайынан ай сүйген қыз болып,есейе келе еркелеп сол сахнаға шықтым. Шүкір!

“Қызымын елдің бақытын тапқан өнерден”,-деп әнді шырқаап жүрміз.Біздің сіздерге деген ниет-негативі көп әлемде жарқырап,көтеріңкі көңіл сыйлау ғой.
Жаз да сырғып ағып барады.Сіздер демалғанда біздің жұмыстың қызатын шағы.Мәпелеп ұл -қыз өсіріп отырған соң,сапалы өмір сыйлағың келеді. ”Анышым,биыл шет елге шықпадық қой!”,-деп айтып жүр. Графиктен 10 күн ойып алу қиын болып тұрғаны.
Теңізге түсіріп қайтқан да жөн ед.
Бүгінгі күнгі балаларда арман бар ма екен осы?".

Оның бұл жазбасын оқығандардың барлығы дерлік балалық кезеңдерін еске алып, ыстық естеліктерімен бөлісіп жатыр.

Олар "Қарақат, сенің естелістеріңді оқығанда, кеңес дəуірі жастарының армандары да, əрекеттері де ұқсас болғандығына көзім жетіп жүр. Орамалдың басын түйіп, келіншектің шəлісін жасап, қосайыр пердені сахна етіп, ар жағынан шыға кетіп əн айтып, Роза Рымбаева əпкемізге еліктеп өстік!", "Балалығымыз мал қораның үстінде концерт қоюмен өтті.