"Қазаққа жат қылық": Қайрат Нұртастың әйелі негативпен күресу жолын көрсетті (Видео)

0
736


Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Абдукаримованың әлеуметтік желідегі соңғы жазбасы шу тудыруда. Себебі видеодағы әрекетті желі қолданушылары "қазаққа жат" деп баға беруде.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына балауыз шамдар жағып, қараңғы бөлмеде "Осы бөлмедегі негативтің бәрі жойылсын" деп, артынша өзі ғайып болады. Мұны актриса әзіл ретінде түсірген. Десе де оқырмандарға онысы ұнай қоймаған сыңайлы.


Видеоны көрген оқырмандар "Не істерін білмей жүрген— еріккен қатын.Қазаққа жат -қылық", "Негатив пен токсичная энергия ӨЗІҢІЗ болдыңыз ғой" деген пікірлер жазуда.