Актер үйінің жөндеуін аяқтап, достарын қоныс тойға шақырған.
Танымал актер Тәуекел Мүслім карантинге байланысты 7 бөлімнен тұратын үйлену тойын өткізе алмады. Дегенмен бұл жағдай жұбайлардың көңілін түсірмеген. Керісінше жас отбасы жаңа шаңыраққа көшіп, қоныс тойын тойлады.
Біраз уақыт бұрын Тәуекел өзінің Инстаграм парақшасында көпқабатты үйлердің бірін сатып алғанын және онда жөнедеу жұмыстары жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Баспананы өз еңбегімен тапқан ақшасына алғанын да айтып өткен. Енді сол баспананың жөндеу жұмыстарын аяқтап, дүркіретін қоныс тойын жасады. Өнердегі достарының басын қосып, қуанышын атап өтті.
"Анашым, той құтты болсын! Бүгін қоныс той жасап жатырмыз. Жарты сағат болды қонақтарымыз әлі жоқ. Ет дастарханға қойылды. Етсіз той болмаған", - дейді кадр сыртында Тәуекел Мүсілім.
Видеолар арасында тіпті арнайы тапсырыспен түрлі тағамдар алдырғаны да бар. Тағамды алып келген жігіттер домбыраның сүйемелдеуімен асты ұсынып тұр. Бәрі керемет. Бірақ, оқырмандарға бұл көрініс жақпай қалды. Көпшілік жас келіннің неге өзі тамақ пісірмей, арнайы тапсырыс жасатқанын сынады.
"Қонақ күткен соң үйдің тамаған жасаған дұрыс қой. Ал мыналар үйге емес, ресторанға шақырған сияқты. Қазақтың келініне ұят. Мүмкін ақшаң бар болған соң осылай жасаған шығарсың", "Әйелі дым дайындалмаған", "Мен мұндай тойған тамаққа тапсырыс бермей ем, бір табақ тамақ алдырғанша бір қазан жасайтын еді", "Әйелің карантинде тамақ пісіруді үйренбей ме?" деген сынды пікір қалдырған желі қолданушылары.