"Кеудемдегі реніштер кете бастады": Әкесі туралы айтқан танымал актриса жылап қалды

0
1 102

Танымал актриса Жазира Еркін өз отбасы туралы ашылып әңгіме айтты.


Белгілі актриса Жазира Еркін "Өмірдің өзі" бағдарламасына сұқбат беріп, отбасы туралы . Ол өзінің толыққанды отбасында ата-ана мейірімін көріп өскенін және жасы 100 асқан әжесі бар екенін айтты.

Бірақ актриса мектепті бітірген соң, оқыға түсе алмай қалған. Осы кезеңдерде әкесіне кінә артқанын жасырмады. Бірақ кейін онысын түсінгенін, қазір бәрі жақсы екенін тілге тиек етті.

Жазира Еркін: "Олар да ата-ана болуды ата-ана болған кезінен бастап үйрене бастайды ғой. Сондықтан кеудемдегі реніштер кете бастады. Қазір әкеме қарап тұрсам, алғысым шексіз! Оған притензия айтуға хақым жоқ. Бала туылған кезде Құдайды білмейді, оған ата-анасы Құдай болып тұрады. Сондықтан саған жүруді, ішуді, оқуды, әлемді танытуды үйреткен адамға қалай ренжи аласың" деген түсінік келді. Алғысым шексіз!".


Бұл хабарды актриса youtube арнасынан бөлек, өзінің әлеуметтік желілерінде бөліскен. Оны көрген желі оқырмандары оның сөз саптауы мен сезімталдығына тәнті болуда.

Сондай-ақ ыстық тілектерін жарыса жазып жатыр.