​«Көрімдігін каспиге жіберерсіздер»: әнші Өмірқұл Айниязов ұлын үйлендірді

0
2 456

Әнші Өмірқұл Айниязов ұлы Нұртуған Өтегенді үйлендіріп, келін түсірді.


​«Көрімдігін каспиге жіберерсіздер»: әнші Өмірқұл Айниязов ұлын үйлендірді


Шаңырағындағы қуанышты жаңалықты әншінің өзі «Инстаграм» парақшасында бөлісті.

Нұртуған Өтегеннің таңдауы семейлік ару Гүлім Өмірханға түскен екен. Әнші өз әулетімен Семейге құдалыққа барып келді. Ертеңіне беташарын, кешкісін мейрамханада тойын өткізді.



«Аллаға шүкір, беташарды аулада өткізіп алдық. Той құтты болсын, ағайын» деп жазды өнер иесі. Сондай-ақ, «Келінді көрсетіп қояйын, көрімдігін каспиге жіберерсіздер» деп әзілдеп, ұлы мен келінінің суретін желіге жариялады.

Әншінің алғашқы тойына қазақ эстрадасындағы бірқатар танымал әншілер, дәстүрлі өнер иелері, ақындар мен композиторлар қатысып, ақ тілегін жаудырған. Тойды Қанат Әлжаппаров, Қайрат Әділгерей жүргізіпті.

Әлеуметтік желі қолданушылары Өмірқұл Айниязовтың ұлы мен келініне бақыт тілеп, ақ тілегін жаудырды. «Семейдей киелі топырақтан алған ақ келіннің аяғы құтты болсын! Балалардың тіккен отауы ат басын тірейтін ордалы шаңырақ болсын!», «Сіздерге келіннің қызметі бұйырсын, Нұртуғанның алғаны адал болғай», «Екі жас бақытты ғұмыр кешсін» деп жазды көпшілік.