​«Құдайдың алдында ұятты боп қалдым»: Нұржан Қалжан Қыдырәлі Болманов жайлы шындықты жайып салды

0
3 679

«Олар менің номерімді бұғаттап тастаған шығар»


​«Құдайдың алдында ұятты боп қалдым»: Нұржан Қалжан Қыдырәлі Болманов жайлы шындықты жайып салды

Ерекше дауыс иесі, әнші Нұржан Қалжан «ASSYLTAS.TV » ютуб арнасына сұхбат беріп, өнері мен шығармашылығы жөнінде сөз қозғады. Өнер иесі бірнеше жыл сахнадан көрінбей кетуінің нақты себебін жайып салды.


«Нұржанның өнерден алыстап кетуіне, сахнаға шықпай қалуына бұрынғы продюсері Қыдырәлі Болмановтың ықпалы болды» деген әңгіме көп жерден айтылып жүр. Нақты не болғанын ашып айта алмаймын, кішкене реніш болғаны рас. Бірақ Қыдырәлі ағаға тек рахметімді айтамын, ол кісі мені өнер деген қайнаған қазанға әкеп қосқан. Енді, болар іс болды. Бірақ бет көріспей кетердей жағдайға жетпедік. Сөйлесіп, бетпе-бет отырып, бәрін шешіп, қоштасқанбыз.


40 жасқа толған мерейтойыма шақыру жіберіп, «ватсап» нөміріне аудиохабарлама жолдағам. Жауап келмеді. Бәлкім әдейі істемеген шығар. Менің жіберген хатымды көрмей қалды ма екен? Қарақат әпкеге де жібергем. Кім біледі, олар менің нөмірімді бұғаттап та тастаған шығар», - деді әнші.


Нұржан Қалжанның әріптестеріне деген өкпе-реніші бар екен.


«Сахнаға шықпай кеткенде менен теріс айналған әріптестер кездесті. Мына дүниеде сенің төбеңде күн шығып тұрғанда айналаңда адам көп болады екен. Сенің дұрыс болмаса да дұрыс дейтіндер табылады. Өйткені қалтаңда ақшаң бар, астыңда қымбат көлігің бар азамат боласың. Мен енді он жылдай сахнаға шықпай қалдым. Жазып жатқан хит әндерім жоқ. Сол кезде менің айтқаным, істегенім дұрыс боп тұрса да әріптестерім сөзімді теріске шығарып, керісінше, танымал жас балалардың сөзін сөйлеп кетті.


Атын айтпай-ақ қояйын, өнердегі бір досым үшін шын жүрегіммен дұға жасаған адаммын. «Е, Құдай, осыған бақ берші, өнерде жұлдызы жанып кетсінші, хит әндерді бұйыртшы. Шынымен көтере алатын, жүрегі адал адам» деп Құдайдың алдында өзім «гарант» болып едім. Құдай оған бақ берді, бірақ ақыр-аяғында Құдайдың алдында ұятты боп қалдым. Көтере алмады, менің өзімді менсінбейтін дәрежеге жетті, сол кезде көзіме жас алып, өнерден безіп кеткім келді», - деді Нұржан Қалжан.