"AQ pen QARA" - әншінің тырнақалды туындысы.
"Жігіттер" тобының әншісі, қазақ эстрадасында өзіндік орны бар өнер иісі Бағлан Әбдірайымовтың "AQ pen QARA" деп аталатын кітабы жарық көрді. Осыдан біраз уақыт бұрын ол құмар ойынның шырмауына шырмалғанын ел алдында мойындаған болатын. Бұл туындысында "жеңіл жолмен табыс тапқан" сол күндері туралы жазыпты.
Туынды авторы кітапты әр қазақ сабақ алса екен деген ниетте жазғанын жариялаған.
Көпшілік өмірде АҚ пен ҚАРАНЫ ажыратып алса да, неге сүріне береді? Қызылды-жасыл жылтыраған дүние, көздің жауын алып, иманымызды әлсіретіп, талайларды сан соқтырды. Статистика бойынша еліміздің әрбір үшінші отбасы құмардың құрбаны екенін Сіз белетін бе едіңіз? Үміті үзілген ана, жылаған әйел, мың өтірігі бітпейтін ойынның соңында жүрген ЕРКЕКТЕР. Иә, бұл менен де айналып өтпеді. Өмірі $ 200,000 АҚШ долларын қолыма ұстап көрмеген мен қалай қарыз болып қалдым..?, - деп жазды әнші.