«Әжептеуiр журналиссің, сәл ұялсай!..»
Инстаграм желісінде «Еуразия» бірінші арнасының тележүргізушісі, журналист Динагүл Тасованың жартылай жаңалаштанып түскен видеосы пайда болды.
Желідегі оқырмандар Динагүлдің бұл әрекетін сынап, «Масқара!», «Тәрбие қайда, ұялсай, қыз-ау», «Тентек қызсың сен!» деген сияқты пікірлерді қарша боратуда.
Динагүл «Евразия» арнасында ауа-райы болжамын жүргізеді. Жаңалықтардың кезекті эфирі барысында көрерменнің бірі:
– Әй, Динагүл, Динагүл,
Етегіңді жинағын.
Көріп отырған біздерді,
Аз да болса сыйлағын!» - деп сәлемдеме жолдапты.
Көрерменнің бұл хатына:
– Уа, ардақты көрермен,
Арпалысып болдың өлермен.
Қазақ көйлек киіп ап,
Шолпы тақсам сенер ме ең?!
Киімімді аңдим деп
«Болжам қайда?» демеңдер! – деп жауап берді Динагүл.