"45-тегі кенже қыздан ән сәлем!"
Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісованың туған сіңлісі домбырамен ән айтып, көпшіліктің көзайымына айналды.
Ән айтып отырған видеоны Мақпал Жүнісова өзінің «Инстаграмдағы» парақшасына жариялаған. «Біздің үйдің 45-тегі кенже қызынан ән сәлем» деп жазды ол. Сіңлісі Арай Мұхамедияр ақын Ұлықбек Есдәулеттің сөзіне жазылған Елена Әбдіхалықованың «Көздеріңе ғашықпын» атты әнін домбырамен тамылжыта орындап берді.
Тыңдармандар әншінің сіңлісіне оң бағасын беріп, өз пікірлерін білдірді. «Керемет орындау. Даусының ырғағында да, домбыра қағысында да ұқсастық бар екен», «Дауысы Мақпалға, түрі Мерей қызға ұқсайды екен», «Жеке концертіңізге шақырып, бір жаңалық ашсаңыз қатып кетер еді», «Әнші болатын-ақ қыз екен. Бір үйден бір әнші шықса да болады деген-ау. Жүнісовтер отбасылық ансамблін құруға нағыз сұраныс болып тұрғандай. Бәріңіз өнерлі екенсіздер, жұп болсын, жұп болсын!» деп жазды көпшілік.