«Мейіржанның тоқалы бар» : Белгілі блогердің жары күйеуімен арақатынасы туралы айтты

0
5 873

«Мейіржан менің екінші күйеуім»


«Мейіржанның тоқалы бар» : Белгілі блогердің жары күйеуімен арақатынасы туралы айтты

«Жұлдыздың жары» жобасында – блогер Мейіржан Төребаевтың жары Дана Есеева болды. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында отбасылық өмірдің алғашқы кезеңіндегі қызық оқиғаларын әңгімелеп, олар туралы жиі айтылатын ТОП-3 қауесетті атады.


Белгілі блогер Мейіржан Төребаев пен оның жұбайы Дана Есееваның отбасы еліміздегі ең танымал отбасылардың біріне айналғаны рас. Жұлдызды жұптың әрқайсысында жеке-жеке кәсібі бар. Дана киім-кешек дүкенін осыдан он жыл бұрын ашыпты.


– Мейіржанның өз кәсібі, менің өз кәсібім бар. Ортақ кәсіп – инстаграм. Біз ақша жинамаймыз. Айналымда жүреді. Ақша деген энергия. Ол айналыста жүру керек. Бір нәрсеге ақша салсаң, сол көбейіп қайтып өзіңе келеді.

Айына 10 млн табыс түссе, соның 20 пайызы өзіме жұмсалатын шығар. Инвестицияны жылжымайтын мүлік салып тұрамыз. 1-2 бөлмелі пәтер сатып алып жатырмыз. Өйткені, біздің бес бала-шаға. Түркияда 1 бөлмелі пәтер мен вилламыз бар. Ең мықты инвестиция өзіңе және балаларыңа құю. Оларға сапалы білім беру, - деді Дана.


Мейіржан мен Дананың отбасы туралы ТОП-3 қауесетке қатысты блогердің жары былай деп жауап берді.


«Бірінші өсек, Мейіржан менің екінші күйеуім.

Екінші өсек, екі балам Мейіржандыкі емес.

Үшінші өсек, Мейіржанның тоқалы бар.

Әрбір хайптың шегі бар. Адамдарға карантин әсер етті ме, білмеймін, қатыгез болып барады. Жақсы істерді көрмейді. Тек сүрініп қалса, содан әлдеқандай проблема жасайды. Бәрі қосылып сол адамды жамандайды. Тек бізді емес, басқа да әртістерді жерден алып, жерге салып жатады. Бұған арнайы заң болуы керек.

Өкінішке қарай, елімізде кибербуллингке қатысты ешқандай заң жоқ», - деп ашынды жұлдызды жар.


Д.Есеева басында желідегі теріс пікірлерді қабылдау қиын болғанын жасырмады.


«Қазір шектен шығып барады. «Балаларың рактан өліп қалсын» деп жазғанда шыдамым түгесіліп кетеді. Мен ондай адамдарды сотқа беруге дайынмын», - деді ашығын айтқан Дана.


«Дана сияқты қарағандылық қыз Зарафшанда қандай келін болды?» деген сауалға ол жақтың салт-дәстүрлері қазақи екенін, өзіне қызық болғанын, сәлем салуды, ат тергеуді абысындарынан үйренгенін айтты.

«Қазіргі қыздар ата-енесімен ене бала мен келіннің арасына түсетіні үшін бірге тұрғысы келмейді деп ойлаймын. Ене мен келін бір-бірінен жақсылық көре білсе игі».


Сонымен бірге Мейіржан екеуі бір-бірін қызғанатынын, бірақ, шектен шықпайтынын алға тартты.


«Менің өзімді-өзім бағалауым өте жоғары. Қазір неше түрлі қыздар бар ғой. Жазады. Қоңырау шалады. Бірақ, мен олардан жүз есе артық екенімді, Мейіржанның ешқайда кетпейтінін жақсы білемін. Әйел адам не істесе де, ең алдымен өзінің көңілінен шығу үшін істеу керек. Өзгелер мені мақтаса деп өмір сүрсе, онда әйел өзін-өзі жоғалтады. Өз бақытың үшін өмір сүр, сенің сол болмысыңды қабылдай алмаса, онда бірге өмір сүре алмайсың», - деді ағынан жарылған ол.


«Қандай күйеуден кету керек?» дегенде: «Қол көтеретін күйеуден кету керек. Әрбір адам бұл өмірге бақытты болуы үшін келеді. Біздің көп әйелдер өздеріне қарамай жүреді. Өзін жақсы көрмейді», - деп жауап берді.