​Мейрамбектің Тоқтарға жолдаған достық тілегі көптің жүрегін елжіретті (видео)

0
10 296

«Еңселі елдің батасы мен өнер ғой бізді табыстырған!»


​Мейрамбектің Тоқтарға жолдаған достық тілегі көптің жүрегін елжіретті (видео)

Күні кеше қазақ еліне танымал әнші Тоқтар Серіковтің отбасында сүйінші сұратқан жаңалық болып, туған күнімен қатар төртінші ұлы өмір есігін ашқанын жариялаған болатынбыз.

Жұлдызды жұптың отбасына ақ тілегін арнағандар көп болды. Соның ішінде өнердегі әрі өмірдегі досы Мейрамбек Беспаевтың инстаграм әлемінде жолдаған сәлемі көптің ықыласына бөленді.

Мейрамбек Тоқтармен бірге өнер шыңдарын бағындырған сәттеріне шолу жасап, оны әдемі әнмен бірге досының қуанышты күніне арнады.

«Төки, ардақты досым! Туған күніңе бір қуансам, Бейбіттің ұл сыйлағанына мың қуандым. Алла ғұмырыңа бақ пен берекені мол қылсын! Аман бол!» деп жазды ол өз парақшасында.



Көпшілік бұл жазбаға ізгі пікірлерін қалдырып, Мейрамбек пен Тоқтардың достығының ажырамауын тілей келе ұлды болған әншіні құттықтасты.

Айта кетейік, кеше Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның отбасында төртінші ұлдары келіп, оған әжесі анасы Шаһнұр деген есім берді. Бұл туралы Тоқтар Серіков өзінің инстаграм парақшасында жазды.