"Мойын мен омыртқасына зақым келген": Әнші Жолдасбек Абдиханов лифтке мініп, ауыр жарақат алды

0
115

Өнер иесінің директоры мән-жайды түсіндіріп берді.


Фото: https://www.instagram.com/zholdasbek_abdikhanov/

Танымал әнші Жолдасбек Абдиханов оқыс оқиға салдарынан ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің директоры мән-жайды түсіндіріп берді.

“25 маусымда Жолдасбек Абдиханов отбасы үшін күтпеген ауыр жағдай болды. Көпқабатты үйдің лифті кенеттен техникалық ақауға байланысты тоқтап, қатты сілкінді. Соққыдан Жолдасбектің мойын және омыртқа аймағына зақым келіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Диагнозы – омыртқа-аралық дискі қозғалысы, жүйке қысылуы, мойын-бел жарақаты. Жеңіл жарақат емес. Қозғала алмай, бас айналып, сөйлегенде қиналып жатыр.
Қазір толық тыныштықта, арнайы аппаратқа қосылды. Дәрігерлер 4–6 айға дейін белсенді жұмысқа, сахнаға рұқсат бермеді. Соған байланысты барлық шығармашылық жұмыстары уақытша тоқтатылды. Біз оның тез сауығып, халық алдына қайта шығатынына сенеміз. Сіздердің дұғаларыңыз ауадай қажет. Жоспарланған, уәделескен жұмыстары тоқтап қалғаны үшін баршаңыздан кешірім сұраймыз”
, – деп жазды арт-директоры.