​«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жан тебірентерлік жазба жариялады

0
26 193

«Басқа адам бұл кісінің орнында шыдамас еді»


​«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жан тебірентерлік жазба жариялады

Эстрада әншісі Абай Бегейдің қызы, блогер Ерке Ниязқұлова «Инстаграм» парақшасында өгей анасы туралы әңгіме қозғады.


«Өгей шеше өз анаңдай бола алмайды» деп жатады көпшілік. Ол рас, ананың орнын ешкімде баса алмайды.Дәл солай ойлап, мен де апаны екі жылдай қабылдай алмағанымды білесіздер. Бірақ, әкемнің таңдаған екінші жары бізге жақсы дос, сырлас, қамқор, жанашыр, ең жақын адамға айналады деп ойламаппын. Анау-мынау келіншек бұл кісінің орнында бола алмас еді. «Апаңмен қарым-қатынастарың қалай?» деп сұрайтын жандарға осы видео қысқаша жауап болсын» деп Ерке Ниязқұлова өгей анасымен бірге өткізген сәттерінен үзінді жариялады.


Желі қолданушылары блогердің жазбасына жылы лебіздерін білдірді. «Фаризадай жақсы ана болу үшін үлкен жүрек керек. Біреудің ерке қызы боп жүріп, басқа біреудің қыздарының көңіліне қарау – үлкен ерлік», «Абай Бегей махаббатын бәріне бірдей бөліп бере алыпты, бәрекелді», «Сыйластықтарыңа сызат түспесін», «Тіл-көзден аман болыңыздар» деп жазды көпшілік.


Айта кетейік, Абай Бегейдің алғашқы жары осыдан бірнеше жыл бұрын өмірден өткен. Әнші екі жылдан соң өзінен 16 жас кіші қызбен шаңырақ көтерді. Алайда әншінің бұл шешіміне үш қызы қарсы болып, үлкені Ерке Ниязқұлова әкесімен үш жылдай араласпай кетіп еді...