«Ол – ғажап!»: Баян Алагөзова «үшінші күйеуін» мақтады

0
1 435

«Серігімнен жолым болды»


«Ол – ғажап!»: Баян Алагөзова «үшінші күйеуін» мақтады

Белгілі актриса, продюсер, тележүргізуші Баян Алагөзова кезекті түсірілім алаңынан қызықты суреттер жариялап, елдің назарын аударды. Бұған дейін актриса: «Менің жаңа күйеуім. Отбасында да, дәл экрандағыдай – ең бастысы бір бағытта қарау маңызды. Қуандық Шәкіржанов екеумізден сойқан дуэт шыққан сияқты! Енді ол менің құдам емес» деп жазған болатын.



Одан соң Баян ханым жаңа күйеуінің жақсылығын айтып, тіпті, оны ғажайыпқа теңеді.

– Қазірде комедиялық фильмдердің көптігі соншалық, шын мәнінде ауыл өмірі, ене мен келін, құдалар арасындағы қарым-қатынас, мәңгі таусылмайтын тақырып той туралы жақсы кино түсіру қиын. Қарапайым нәрселердің мықты боп шығатынына сенімнен гөрі күмән көп. Мен сценарийді алғаш оқығанда көп киноның бірі іспетті көрінген, алайда түсірілім алаңына келгенде бәрі түрленіп шыға келді, әсіресе, серігім жақсы болып шықты, ол – ғажап. Ал сценарий өте қызықты. Жалпы сіздерді жақсы кино күтеді! – деді ол.