«Ол маған жұмақтай сезілді»: Дастан Оразбеков әйелін жәннатқа теңейтінін айтты

0
813

«Жұмағыңыздың арманы жоқ!»


«Ол маған жұмақтай сезілді»: Дастан Оразбеков әйелін жәннатқа теңейтінін айтты


Отандық танымал эстрада әншісі Дастан Оразбеков өз репертуарындағы «Тамшылар» әнінің шығу тарихы жайлы, бұл әнде жан жарына деген ыстық сезімі бар екенін айтты. Өнер иесі келіншегін жұмаққа теңейтінін жасырмады. Өйткені, сүйген жанының есімі «жұмақ» сөзімен мәндес болып шығыпты.


Әнші бұған дейінгі жазбаларында да «Алла қосқан Жан жарым, өмірдің ыстығы мен суығын бірге сезініп келгенімізге 15 жыл болды. “Ер үйдің егесі, әйел үйдің шегесі” деген қазақта ұғым бар. Шаңырағымызды махаббатыңмен баурап, күлкіңмен жүрегімді жылытып жүргеніңе мың алғыс. Аллам бізге екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Кеудемде демім барда мен сендікпін» деп жазған болатын.



Желі қолданушылары әншіге баянды махаббат тіледі.

«Махаббатқа жетпейді өлең-жырдың өресі, махаббаттың өзі ғой өлеңдердің төресі.» махаббаттарыңыздың тамшысы таусылмасын! Шамамен 2056 жылы «50» жылдық АЛТЫН ТОЙЛАРЫҢЫЗДЫ дүбірлетіп тойлауға жазсын! Әдемі ән! Жұмағыңыздың арманы жоқ!», «Керемет, махаббатқа сенген, риясыз сүйген адамның басынан ғана өтетін сезім...» деп жазды.