"Сахнаға Қайраттың мысығы мен күшігі ғана шықпай қалды": Заңғар Нұртастың су жаңа бейнебаяны неге жарық көрмеді?

0
1 157


Қайрат Нұртастың әулеті қит етсе, түрлі қауесеттер мен еспе сөздің өтінде қалып қоятын отбасылардың бірі. Үрдіске айналған бұл жайт жанұя мүшелерін де шаршатса керек. Тіпті, таспалаған бейнебаяндарын жарыққа шығармай жүр екен. Мәселен, Айдарбековтердің кенжесі Заңғар осыдан біраз уақыт бұрын клип түсірген.

Бірақ сәтсіз шыққандықтан елге жариялаудан бас тартыпты. Гүлзира Айдарбекова сүт кенжесінің қылығын былай түсіндіріп, желіге пост салған:

«Клиптің түсірілімі ұнамай, жарыққа шығармай қалдырып едім. Кей кездері жұмыстары сәтсіз шығып, ұнамай қалатын кездер де болып тұрады. Зая кеткен еңбектер ғой. Кішкентай ғана жүрек қой жүрек! “Сахнаға Қайраттың мысығы мен күшігі ғана шықпай қалды” деп мін таға берген соң, намыстанып Қайратпен бармай қалып қойды концерттерден осы турдан. Намысқой өзі. Алла бақ берсін!»