Блогер баласын қолының сұғанақтығы бар адамдарға тапсырғанына өкінетінін жеткізді.
Фото: Жеке парақшадан алынды
ERNUR.KZ. Танымал блогер Дина Төреәлі бір күнде екі бірдей бала күтушісін жұмыстан босатты, деп жазады stan.kz.
Желі жұлдызы үйінен ақша ұрланғанын айтып, оқиғаны баяндап берді.
“Бір күннің ішінде екі бірдей бала күтушім өз орындарын босатты. Қысқасы, бөлмемнен көп суммада ақша ұрланды. Бірнеше миллион теңге еді. Не нәрсенің қалай болғанын айтып, жариялап, жағдайды ушықтырғым келмейді. Үй көмекшісінің де атын айтып, түстегім келмейді. Он бәленің тоғызы тілден деген. Бір бала күтушісінің тілінің ұзындығының кесірінен 102-ге хабарласуға мәжбүр болдым. Мен баламды босанып жүріп, ұйықтамастан тапқан еңбекақым еді. Дәл сол ақшада екінші ұлымның да еңбекақысы бар. Себебі перзентханада жатқан кезде де тынбай жұмыс істедім. Сөмкесімен бірге алып кеткен. Жақсы өмір сүргілерің келсе, жұмыс істеңдер. Біреудің дайын ақшасына қол сұқпаңдар”, – деп жазды блогер.
Одан кейін блогер баласын қолының сұғанақтығы бар адамдарға тапсырғанына өкінетінін жеткізді.
“Білесіздер ме… Қолының сұғанағы бар адам менің шаңырағымда жүріп ақша ұрлағаны емес… Баламды сеніп тапсырып жүргенім үшін жүрегім ауырып, бойымды қорқыныш байлап кетті… Екеуінің қайсысы алғаны дәл қазір бір Аллаға мәлім. Ешкімге кінә артып, жала жақпаймын. Мен үшін хайырлы емес адамдарды жеңіл күйде менен және балаларымнан алшақтатқаны үшін Аллаға шүкір. Қасиетті Рамазан айында міне осындай жағдай. Алладан қорқып, ұялмаған адам басқаларды қайтсін? Ақша табылған жоқ. Менде осы істі соңына дейін апаруға, барлығының жүздеріне дейін көрсетуге мүмкіндік көп. Бірақ мен солай жасауға Алладан қорқамын. Адал еңбегіммен Алла маған ризық несібемді беріп отырса, әлі де береді. Мен сенемін. Ал ұрлаған адамды бір Аллаға тапсырдым. Қазір шетелдік бала күтушісін жалдадым", — деп жазды ол.