​«Тамағыма тас тұрып қалғандай»: Абай Бегейдің қызы әкесіне жан тебірентерлік жазба арнады

0
2 350

«Шашына ақ түсті, жүзін әжім торлады»


​«Тамағыма тас тұрып қалғандай»: Абай Бегейдің қызы әкесіне жан тебірентерлік жазба арнады

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы әкесінің туған күніне орай жан тебірентерлік жазба арнады. Ол әкесінің арқасында бақытты ғұмыр кешіп жатқанын айтты.


«Туған күнінде әдемі құттықтауыммен пост жазамын деп суреттерін ақтарып отырып шаштарына ақ кіргенін байқадым. Рас, сол сәтте ғана... менің көздеріммен ол әлі жап-жас, өзім әлі өзінің алақанына салып тұратындай кішкентай қыздаймын... Оның жүзіндегі әжімді мойындағым келмейді.


Неге екенін, осы жазбаны тізбектеймін дегенше тамағыма тас тұрғандай сезімде болдым. Өмірде мен тек папама 100 тіпті 200 пайызға сенім арта алады екенмін. Мен не ойласам соны менің ойлағанымнанда 200 пайызға керемет етіп жасап береді. Әлі күнге ол жұмысқа кетсе, барлық идеямды телефонмен айтып, қолдауын күтіп отырамын. «Дұрыс» деп қолдап кеткенінің өзінен дұрыс күш аламын. Өзі қасымда болса жүгіріп жүріп бәрін жасап беруге асығатында. Кішкентайымнан солай.


Уақытты ырқыма көндірер болсам сол баяғы әкемнің мені мойнына отырғызып алып, үйдің ішінде былай да былай жүгіріп жүретін бөпе кезіме барар едім. Есейген сайын әкемнің әжімдері де өңінде өрнектеліп, шашына ақ түскенін көріп, өзімніңде өсіп бара жатқаным көп ойландырады. Папа, рақмет бәрі үшін! Қандай бақытты перзент екенімді жазбасамда білесің ғой иә?» деді әншінің қызы.


Айта кетейік, Абай Бегей жақында ғана отбасымен туған күнін тойлады. Оған әйелі мен ұл-қыздары үлкен қажылыққа жолдама сыйлады. Мұндай сыйлықты күтпеген өнер иесі көзіне жас алып, жылап қалды.