Нұрбигүл Егізова қызды болды.
Белгілі тележүргізуші Нұрбигүл Егізова үшінші сәбиін өмірге алып келді. Сүйінші жаңалықты журналист әлеуметтік желідегі парақшасында өзі жариялады.
"Аллахтың қалауымен кеше кеште қызды болдық. Адамнан адам шығу оңай емес). Аналардың алдында басымды ием!" - деп жазып, перзентханадан сурет жариялады.
Бұл жаңалықты естіген желі оқырмандары оны құттықтап, тумаға ұзақ ғұмыр тілеп жатыр.
Бұған дейін журналист екі ұлдың анасы болатын.