«Балаларға обал!»
Белгілі отандық әнші Айқын Төлепберген өзінің кезекті концерттерінің бірінен түскен қаржыны Украинаға аударатынын айтты.
«Анығы, қазір сыртқы агрессорға қарсы тұрып жатқан батыл да қайсар елдің балаларына жіберіледі. Олар өз отанын қорғап жатыр. Ол қандай болса да, өзге Тәуелсіз елдің ішкі жұмыстарына араласуға ешкімнің де хақы жоқ. Бұл дегеніміз, ертең кез келген көрші дәл солай келіп, сынықтан сылтау іздеп тауып, біздің елімізге де өз ережесін орната бастауы мүмкін деген сөз. Бұлай болмайды. Ол жақта қазір әр күн сайын екі елден де адамдар қайтыс болып жатыр. Әсіресе бейбіт тұрғындар мен балаларға обал. 5,1 млн қашқын өзге елдерді паналап жүр. Ал олардың отағасы өз Отанын қорғауда. Соғысқа жол жоқ! Украина жасасын!», - дейді әнші.