«Үй болуы қиын»: Қарақаттың жазбасының астарында не жатыр?

0
2 675

"Ақылым тасып бара жатқаннан емес, үйлене сала үш айдан кейін ажырасып тынатын жұпты көріп жаным ауырады".


«Үй болуы қиын»: Қарақаттың жазбасының астарында не жатыр?

Танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина инстаграмдағы парақшасына үйленіп, соңынан ажырасу жайлы ойын жазды.

«Отбасы құру әп сәтте. Ал оны сақтау – өнер.Рас. Жанұяда әлсін-әлсін тоқырау, құлдырау болады. Оны Ресей ғылымы “семейный кризис” деп атайды. Мысалы:
1 жыл: Жастар бір-біріне үйренісетін адаптация кезеңі. Осы кезде келін мен баланың сыйысып, сыйласып кетуіне айналасы әбден қолдау көрсеткені жақсы. Менің ойым.
3 жыл: Енді бұл уақытта арада 1 не 2 бала бар. Жас баласын бағып, отбасы, ошақ қасында отырып қалған әйел өзін бар әлемнен алшақтап, қарайып қалғандай көреді. Содан ба комплекс, қарадай тұрып қысылу көп. Реті келсе сырттан көмек алып, бірауық өзіне ұнайтын жайттарға ілесіп отыру керек шығар.
7- жыл: Бұл енді ең қауіптісі. Не ары, не бері болатын уақыт. Айтатын әңгіме таусылған, жұбынан жалыққандай. Ойлар мен сөздер сәйкес келмейді. Мұндайда бірге саяхттау, көбірек әңгімелесіп, болашақты жоспарлау жарастыратын болар.
13-14 жылдар: мұнда екеуінің бірі карьера, қаржылық жағынан өскен де, бірін-бірі төмен санау, намысқа тию, тапқанын бұлдау басталады.
Біразынан біз де өттік. Аллаға шүкір. @kydyrali_bolman ❤️
Ең бір қиын жағдай болмаса, басқа уақытта отбасын сақтау жағындамын. Біріне жар, біріне жігіт табылар. Бірақ арадағы балаға обал.
Ата-ана арасындағы мәселенің көлеңкесі баланы айналып өтпейді. Жанұяны сақтау, әрине сақтауға келетін болса, ең дұрысы! Шыны керек өз басым ажырасуға түбегейлі қарсымын.
Бірақ кей жағдайда, айрылысуға тура келетін шығар», - деді әнші.

Қ.Әбілдинаның жазбасына оқырмандары көптеген пікір қалдыруда. «Айтқаныңның бәрі дұрыс, дегенмен әйел адам отбасым, жанұям деп бәріне көнеді ғой, шыдайды балалар үшін, солай бәлен жылдар өте шығады, өкініштісі, уақыт өтіп кеткен...», «Бәрі дұрыс, адамдардың бәрі соны түсінбейді, өз баласына жаны ашымайтын адамдар да бар екен», «Өте орынды айтылған, қосыламын. Жыл өткен сайын бір бірімізді қимаймыз. Қорғаймыз. Жастарға осындай ақыл кеңес айтатын телеарнадан передача керек сияқты. Əлде ютубтан ба жүргізу қажет» делінген пікірлер жазылуда.