Ақпараттар ағымы

Қазақстандық триатлоншы Африка кубогында «алтын» алды

Аян Бейсенбаев қашықтықты 00:55:28 уақытта бағындырып, жеңіске жетті.

Елімізде семіздікке ұшыраған жасөспірімдер саны артқан

Республикадағы 11-15 жас аралығындағы балалардың COVID-19 пандемиясы кезінде бастан кешкен тәжірибеге назар аудара отырып, олардың денсаулығына қатысты мінез-құлық факторларын Ұлттық зерттеу қорытындылары шығарылды.

Түркістандық құсбегілер ел біріншілігінде топ жарды

«Қолға шақыру», «Кептерге салу», «Қоянға салу» бойынша бәсекеге түсті.

Үндістанда алғаш рет 9 жасар қазақстандық балаға тірі донордан ішек трансплантациясы жасалды

Науқаста жұқа және тоқ ішектің резекциясы жүргізіліп, нәтижесінде парентеральды тамақтану кезінде қысқа ішек синдромы пайда болған.

Түркістандық параолимпиадашы БАӘ-дегі сайыста жүлдегер атанды

Жарыста әлемнің 31 елінен келген 262 спортшы бақ сынады.

2 мыңға жуық шетелдік Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп келген

Ресми өкілдің атап өтуінше, операцияның алғашқы аптасының нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 6 836 құқық бұзушы анықталды.

Түркістан облысында 31 денсаулық сақтау нысаны салынады

3 жыл ішінде 8065 медицина қызметкері білімін жетілдірді.

Алматы облысында тау опырылып, екі үйді басып қалды

Топырақ үйіндісі құлағанда үйдің ішінде бала болған.

Пайызсыз кредиттер – алаяқтардың жаңа қақпаны

Қазақстанда кредиттерді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар кредиттік ұйымдардың ғана бере алатыны туралы еске салады!