​АРЫҚТАУҒА себеп болатын СЕГІЗ ауру туралы білесіз бе?

0
13 861

Тым арықтау да, қатты салмақ қосу да қандай да бір аурудың белгісі екен


​АРЫҚТАУҒА себеп болатын СЕГІЗ ауру туралы білесіз бе?

фото: zhirunet.com

Бірден салмақ жоғалтып арықтау өте қауіпті. Мұндай жағдай қандайда бір аурудың белгісі екені анық. Егер сіз күнде салмақ жоғалтып жатсаңыз, онда дереу дәрігерге барып, тексеруден өтіңіз.

Негізінде арықтаудың 2 түрі болады – жалпы және медициналық. Жалпы арықтау адамның арнайы іс-әрекеті болып табылады. Ал медициналық арықтау бір ағзаның ауырып жатқанын білдіреді. Бұл сіздің өміріңізге қауіпті екенін ұмытпағаныңыз жөн.


Арықтаудың себебі:

Бірден арықтауға стресс, күйзеліс, психикалық салмақ, қорқыныш пен үрей себеп болады. Сонымен қатар:

  • тамақтану тәртібінің бұзылуы;
  • диета мен аштық;
  • өтпелі кезең;
  • гормондық өзгеріс;
  • есірткі мен ішімдікке тәуелділік;
  • физикалық ауыртпалық себеп болады.


Арықтауға себеп болатын 8 ауру


фото: fitness-live.ru

Медициналық арықтаудың 80 пайызы бір мүшенің немесе ағзаның ауруынан туындайды. Сондықтан да арықтап жатқаныңызды байқасаңыз, тексерілуді кейінге қалдырмаңыз.


1. Онкологиялық аурулар

Теріңіздің түсі немесе көзіңіздің ағы өзгере бастаса, салмағыңыз азайса, шашыңыз түссе, тырнақтарыңыз сына бастаса, онда ісік ауруларының алғашқы белгілері пайда бола бастағанынан дерек береді. Бұл кезде бауыр, ұйқы безі де мазалайды.

Ісік ауруының жалпы белгілері:

  • жарақаттың жазылуы қиындайды;
  • несептің шығуы мен үлкен дәреттің келуі өзгереді;
  • тамағы қарлығып, жөтеледі;
  • әлсізденеді;
  • терінің түсі өзгереді.


2. Өкпе туберкулезі

Емделуі қиын аурулардың тобына кіретін туберкулездің ең бірінші белгісі арықтау.

Аурудың белгілері:

  • ылғалды жөтел;
  • қанды немесе іріңді жөтел;
  • әлсіздік, ұйқышылдық, қуаттың азаюы;
  • қатты терлегіштік;
  • кеуде тұсы ауырады және тұмау болады.


3. Қант диабеті

Арықтауға себеп болатын тағы бір аурудың түрі – қант диабеті. Бұл ауру бірнеше типтен тұрады. Соның алғашқысында адам алдымен салмақ жоғалта бастайды. Ал екінші типте керісінше салмақ қосады.

Қант диабетімен ауыратын науқастар әдетте тәбетінің көтерілгенін, қарнының жиі ашатынын, шөлдейтінін байқайды. Бұл қандағы глюкозаның өзгеруінен туындап жатыр.


4. Қалқанша без ауруы

Мұндай ауруға шалдыққан науқастар бірден салмақ жоғалтады.

Аурудың алғашқы белгілері:

  • қатты ыстықтайды;
  • жүрек соғысы жиілейді;
  • іші өтеді;
  • етеккір келу уақыты өзгереді;
  • еркектерде құмарту бәсеңдейді.

фото: saudevitalidade.com


5. Жүйкелік ашығу

Бұл санаңызды, миыңызды, жаныңызды жаулаған толып кету қорқынышы. Мұндай ауруға шалдыққандардың басым бөлігі салмақ жоғалтады. Әдетте, бұл аурудан 25 жасқа дейінгі қыз-келіншектер мен жігіттер көбірек зардап шегеді.

Жүйкелік ашығудың басты белгілері:

  • толысудан қорқу;
  • ұйқының бұзылуы;
  • күйзеліске шалдығу;
  • ашулану, ызалану.


6. Бүйрек үсті безінің жетімсіздігі

Бұл созылмалы әрі өткір дерт. Бұл аурудың алғашқы белгісі:

  • бұлшықеттің әлсіздігі;
  • шаршағыштық;
  • тері қарйып, қартаяды;
  • қан қысымы төмендейді;
  • тұзды тамаққа аңсары ауады;
  • тәбет төмендейді;
  • ішінің айналасы ауырады.


7. Ойық жаралы колит

Тоқ ішектің шырышты қабығының қабынуының салдарынан бұл ауру созылмалы болады.

Аурудың алғашқы белгісі:

  • іштің айналасы ауырады;
  • іші өтеді және кебеді;
  • тәбеті төмендейді;
  • қызу көтеріледі;
  • бүйрек пен жүректің жұмысы бұзылады.


8. Ішектің жұмысы бұзылады

Ішек дұрыс жұмыс істемесе, басқа азғалардың жұмыс істеуіне еш сенбеңіз. Өйткені барлық ағзаның жұмысы ішектің саулығына тікелей байланысты. Ішектің жұмысының бұзылғанын:

  • іштің қатуынан, желденуінен, кебуінен;
  • іштің сол жағының ауруынан;
  • лоқсып, құсудан білуге болады.


Сонымен, бірден арықтауға себеп болатын жағдайлармен таныстық. Ендеше, жоғарыда жазылған белгілердің бірін байқасаңыз, дереу дәрігерге барыңыз. Қажетті ем-шараларын жүргізіп, қалыпты салмағыңызға келіңіз. Тым арықтау да, қатты салмақ қосу да қандай да бір аурудың маңызды белгісі екенін біле жүріңіз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Таңғы АСТЫ ЖЕСЕҢІЗ ағза ҚАНДАЙ КҮЙДЕ болады?


Вакцина салдырмағандар ковидпен ауырып, инфекцияны таратуы мүмкін – дәрігер


Өкпені ВИРУСТАН қорғайтын дәрілік АЛТЫ өсімдік