​Дененің ҚЫШУЫ қандай АУРУДЫҢ белгісі екенін білесіз бе?

0
65 642

Мұны білу өте маңызды


​Дененің ҚЫШУЫ қандай АУРУДЫҢ белгісі екенін білесіз бе?

фото:ru.techsymptom.com

Адам денесі жайдан-жай қышымайды. Оның белгілі бір себебі бар. Мәселен, маса, қандала, бит немесе үндемес шаққанда деніңіз қышып бастайды. Ал аллергияға бейім жандар құлпынай, лимон, апельсин жегенде денелері қышиды. Бұл қалыпты жағдай. Десе де, еш себепсіз дененің қышуы алаңдататын мәселе.


Егер сіздің денеңіз қышып қоймаса бір күн бұрын не ішіп-жегеніңізді, қандай әтір, крем, сабын қолданғаныңызды зерделеңіз. Мүмкін бейтаныс нәрседен жағдай ушыққан болар. Ал егер:

  • аллергия беретін тағамдарды шектеп, тері күтіміне дұрыс көңіл бөлсеңіз де, денеңіздің қышығаны қоймаса;
  • қоғамдық орындарда жүргенде, жұмыста отырғанда, ұйықтағанда қышып мазаңызды алса;
  • денеңіздің бәрі бөртіп кетсе;
  • еш себепсіз бойыңызды әлсіздік билеп, тез шаршайтын болсаңыз, дене қызуыңыз көтерілсе;
  • кіші және үлкен дәреттің шығуында өзгеріс болса, дереу ТЕРАПЕВТ немесе ДЕРМАТОЛОГ дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.

Дәрігер сізді жан-жақты тексеріп, қан, несеп талдауларын жасатады. Сараптама нәтижесіне сүйене отырып, сізге ем тағайындайды.

фото: topkin.ru


Дененің еш себепсіз қышуы мына аурулардың себебінен болады:


1. ДӘРІ ІШКЕННЕН

Егер сіз қандай да бір дертті емдеу үшін дәрі ішіп жүрген болсаңыз, ағзаға кері әсер беруі мүмкін. Соның салдарынан денеңіз қызарып, бөртеді. Кейде бүкіл денеңіз қышып маза бермейді. Көбінесе гипертонияға, құяң, ауруды басатын, холестерин деңгейін реттейтін және жүрек соғысын қалпына түсіретін дәріні мөлшерінен артық ішкен жағдайда дене қышиды.


2. ЖҮКТІЛІК

Зерттеушілер әрбір 10 жүкті әйелдің 1-2-де дене қышуы болады дейді. Себебі жүкті кезде болатын токсикоз қышыма секілді беріледі екен. Болашақ анада жүрек айну, лоқсу-құсу болмағанымен, дене қышып мазасын алады.


3. ЖҮЙКЕНІҢ БҰЗЫЛЫСЫ

Тері ісінбей, бөртпей тек, бір нәрсе жүргендей жыбырлап қышитын болса, сізге жүйкеңізді тексерту керек. Жүйке шаршап, сыр бере бастағанда денеде өзгерістер болады. Дененің еш себепсіз қышуы – теміреткі, склероз, инсульт, ми мен жұлын ісіктері ауруының басты белгілері болуы мүмкін.


4. ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР

Егер теріңіздің ішінде бір нәрсе жүргендей сезілсе, онда жүйкеңізді емдетіңіз. Бұл жағдай көбінесе депрессия алғанда, бойыңызды үрей билегенде, ашушаңдыққа бой алдырғанда

Денеңізде бір нәрсе жыбырлағандай қышып мазалайды.


5. ҚАНТ ДИАБЕТІ

Бұл ауру да бенеге қышымсып белгі береді. Денеңіз еш себепсіз қышып бастады ма, дереу қаныңыздағы қанттың деңгейін анықтаңыз. Өйткені қант диабеті ауруының ең алғашқы әрі қауіпті белгісі екенін ескеріңіз.


6. БАУЫР АУРУЫ

Бауыр ауыра бастағанда да дене қышиды. Әсіресе, гепатит, циррозға шалдыққанда дене өз-өзінен қышып, жағдайыңызды нашарлатады. Оған өт қышқылы мен билирубиннің шамадан артық көбеюі себеп болады. Салдарынан тері қыши бастайды.

фото: otprishchei.ru


7. БҮЙРЕК АУРУЫ

Егер бүйрек дұрыс жұмыс істемесе эпидермисте азотты қосылыстар түзіледі. Ол термен сыртқа шығады. Егер терлемесе денеде қалып қояды да дене қыши бастайды. Сондықтан да бауыр мен бүйректі емдететін кезде толық әрі сапалы ем алу керектігін ұмытпаңыз.


8. ҚАЛҚАНША БЕЗ АУРУЫ

Қалқанша бездің жұмысы өзгерсе зат алмасудың жұмысын нашарлатады. Ал зат алмасу нашарлады дегенше бүкіл ағзаның жұмысы баяулайды. Бұл кезде тері құрғап, дене қыши бастайды.


9. ТЕМІРТАПШЫЛЫҒЫ

Ағзада темір азайған кезде дене қажетті мөлшерде эритроциттер мен оттегін тасымалдайтын маңызды гемоглобин ақуызын шығара алмайды. Нәтижесінде анемия пайда болады. Қаны аз адамның терісі бозарып, қыши бастайды.


10. ҚАТЕРЛІ ІСІК

Дененің себепсіз қышуы – өте сирек кездесетін онкологиялық аурудың белгісі болуы мүмкін. Мәселен, полицитемия (қан тамырлар жүйесі) мен ұйқы безі қатірлі ісігінде дене қышып белгі береді.


Егер жайсыз матадан киім кисеңіз, аллергиялық әсер беретін тағам жесеңіз, онда алаңдауға негіз жоқ. Дәрігермен кеңесе отырып, ем жүргізесіз.

Ал егер де еш себепсіз дене қышитын болса, қауіпті аурудың белгісі екенін білдіңіз. Ендеше, қандай да бір жайсыздықты сезсеңіз тез арада терапевт дәрігерге қаралыңыз.


Дереккөз: lifehacker.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Кешегі ТАМАҚТЫ жылытып ЖЕСЕҢІЗ не болатынын білесіз бе?


АСҚАЗАНДЫ тазартқыңыз келсе САРЫСУ ішіңіз


Өсімдік МАЙЫ ішектегі ҚҰРТТЫ түсіреді